24 Ақпан, 2016
738
Достық үйіндегі концерт
Ақмола облысы көлемінде 20 жылдан астам уақыт танымал болған «Русская песня» ансамблі «Қоғамдық келісім» мекемесінің мәжіліс залында қала жұртшылығына арналған «Өмір сүрудеміз, өмір сүре береміз» деген атаумен шығармашылық концертін берді. Бұл іс-шара биылғы жылы алғаш рет атап өтілетін Алғыс айту мерекесіне орайластырып және Қазақстан халқы ассамблеясының құрылған күніне арналып отыр. Концертті тамашалауға келген көрерменнің көптігінен залда ине шаншар бос орын болған жоқ.
Құттықтау сөзін айтқан «Ақмола облысы орыстарының қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Александр Артеменко «Русская песня» халықтық ансамблінің солистеріне енді Достық үйінде арнайы орын беріліп, шығармашылықпен айналысуға барлық жағдай жасалғандығын атап өтті. «Русская песня» ансамбліне 15 жылдан уақыт жетекшілік етіп келе жатқан Зоя Авилова облыс жұртшылығына жақсы танымал әнші. Бұл кісінің келуімен ұжым жаңа әндермен, әншілермен толығып, репертуарлары қызықты әрі мағыналы әндермен баи түсті деуге болады. Ансамбль әншілері қазақ, орыс, украин, беларусь, казак халық әндерін тамылжыта орындайды. Облыстың аудандары мен барлық қалаларын аралаған әншілер, бүгінде Ресейдің көршілес өңірлерінде де танымал болып қалды.
Залға жиналған көрермен қауым ансамбльмен бірге халық әндерін, соғыс жылдарындағы әндерді, ауған соғысы ардагерлерінің әндерін ілесіп айтып отырды. Бұл «Русская песня» ансамблінің жұртшылықтың ризашылығына бөленген, халықтық ұжым екенін тағы бір дәлелдейді.
«Қоғамдық келісім» мекемесі жетекшісінің орынбасары Манат Исмағұлов: «Біз бүгін ерекше сезімге бөленіп, жастық шаққа қайта оралғандай болдық»,- деп атап өтіп, ансамбль әншілері мен концертмейстер Олег Вольскийге алғыс хаттар табыстап, шығармашылық табыс тіледі. Ал концертті тамашалуға келген Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Киикова қазақы дәстүрмен шашу шашып, ризашылығын білдірді.
«Қоғамдық келісім»
КММ баспасөз орталығы
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚХА ДОСТЫҚ ЕЛШІСІ АКБАР АСАДУЛЛОНЫ МАРАПАТТАДЫ
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10