Қазақстан халқы Ассамблеясы

08 Қазан, 2015

1088

Достық үйіндегі пікір алмасу

2015 жылғы 8 қазанда Көкшетау қаласындағы Достық үйінде «Нұр Отан» партиясының «Жастар қанаты» Ақмола облыстық филиалы, Ақмола облысының Қазақстан халқы ассамблеясы, «Шаңырақ» тілдерді оқыту орталығы және этно-мәдени орталықтардың өкілдері мектеп оқушыларымен кездесті.

2015 жылғы 8 қазанда Көкшетау қаласындағы Достық үйінде «Нұр Отан» партиясының «Жастар қанаты» Ақмола облыстық филиалы, Ақмола облысының Қазақстан халқы ассамблеясы, «Шаңырақ» тілдерді оқыту орталығы және этно-мәдени орталықтардың өкілдері мектеп оқушыларымен кездесті.

Іс-шараға ҚХА мүшелері, «Қоғамдық келісім» РММ, мемлекеттік мекемелер, этномәдени бірлестіктер, БАҚ өкілдері, мәдениет пен спорт саласының үздіктері мен оқушылар қауымы қатысты.

Аталмыш кездесудің басты тақырыбы «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол», ал мақсаты -Елбасы жолдауындағы негізгі бағыттар мен міндеттерді түсіндіру және «Мәңгілік ел» идеясын насихаттау.

Пікір алмасу алаңында сөз алған «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Киікұлы өз сөзінде: «Шет елдермен терезесі тең тәуелсіз мемлекет атану, әлем картасында ойып тұрып орын алатын егемен ел болу бұл ата-бабамыздың аңсаған асыл арманы. Міне, бүгінде бұл арман ақиқатқа айналды. Мәңгілік ел дегеніміз – тәуелсіздікті сақтау, білімді ұрпақ тәрбиелеу»,- деді.

  

Кездесу барысында облыс орталығының Достық үйінде орналасқан «Шаңырақ» тілдерді оқыту орталығының жетекшісі Күлтай Кәрімжанова «Бүгінде Достық үйінде 10-ға жуық тілдерді оқыту орталықтары жұмыс істейді. Олардың барлығы тегін. Бәсекеге қабілетті жастардың қатарында болу үшін, шет елдерде білім алып, білікті маман атану үшін шет тілдерін жетік білу қажет »,- деп, жастарды бірнеше тілдерді меңгеруге шақырды.

Ал Ақмола облысының Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Айна Мысырәлімова оқушылар қауымын Елбасы жолдауында айтылған ойлармен таныстырып, 100 нақты қадам, «Мәңгілік ел» идеясының  мән-мағынасына тоқталды.

 

Сондай-ақ, аталмыш жиынға еліміздің абыройын шет елдерде көтеріп жүрген спортшы, ката және кумитэ бағдарламасы бойынша каратэ-додан халықаралық деңгейдегі спорт шебері, әлем чемпионы Илья Дик қатысты. Ол өз сөзінде: «Өзге елдерде Қазақстан халқының атын шығару мен үшін үлкен мақтаныш. Мен өз елімде осындай бірлік пен татулық орнап, ұлтаралық келісім бар екендігін зор қуанышпен айтамын. Өз мемлекетімді мақтан тұтамын.  Келешек ұрпақ білімді, сауатты, денсаулығы мықты болуы керек. Сол себепті білім алып, спортпен айналысуға құмар болыңдар»,- деді . Тәрбие мен тағылымға толы кездесуден 7-8 сынып оқушылары өздерін қызықтыратын тақырыптар бойынша жауап алып, аға буыннан үлкен өнеге алды.

Кейін қарай