
02 Қазан, 2017
3132
Достық үйіне 25 жыл
Ағымдығы жылдың 28 қыркүйегі күні С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың бас ғимаратының конференция залында Достық үйінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиналыс болып, «Қазақстандағы және шекаралас аймақтардағы этнодемографиялық үрдістер» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық отырысы өтті. Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Қоғамдық келісім» РММ, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы өкілдері, аймақтық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылықтарының меңгерушілері мен «Қоғамдық келісім» КММ директорлары, ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер жетекшілері мен мүшелері, Ғылыми-сараптамалық тобы, Аналар кеңесі, Қоғамдық келісім кеңесі, Меценаттар клубы, Журналистер клубы және Жастар лигасы мүшелері және көршілес Ресей Федарациясының Барнаул, Новосібір қалаларынан келген ғалымдар қатысты. Мерейтойға қатысушыларды Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Божко Владимир Карпович, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Прокопенко Леонид Андреевич және облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Краснобаева Нелли Леонидовна арнайы құттықтады.
Ғылыми конференцияда өзекті тақырыптар қозғалып, «Қазақстандағы және шекаралас аймақтардағы этнодемографиялық үрдістер» мәселесі кеңінен талқыланды. Әр өңірден келген қонақтар Достық үйінің ресми сайтында орналасқан виртуалды медиация кабинетінің жұмысымен танысып, медиация саласына байланысты жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Сондай –ақ, өткен жылдың бірінші желтоқсанында ашылған Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының тұңғыш мұражайын аралап, Достық үйінің тарихынан сыр шертетін құнды жәдігерлерді тамашалады.
Қонақтар Өскемен қаласының сол жағалауында орналасқан елімізде баламасы жоқ этноауыл кешеніне де ат басын арнайы бұрды. Достық үйінің 25 жылдық мерейтойы 28-29 – қыркүйек күндері кең көлемде атап өтіліп, оған қала тұрғындары мен қонақтары белсене қатысты.
Дата события ассамблеи: 02.10.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты