12 Қазан, 2016
1207
Достық үйіне экскурсия
Жаңа оқу жылы басталысымен Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратына экскурсияға келуші оқушылар саны артады. Бұл жолы 2016 жылдың 11 қазаны күні достық үйіне Қарғалы ауданынан 7 сынып оқушылары келді. Қосестек орта мектебінің оқушылары мен тарих пәнінің мұғалімін «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері мен басшысы қарсы алды. «Қоғамдық келісім» қызметкерлері оқушыларға Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы мен қызметі, облыстық этномәдени бірлестіктер туралы мағлұмат беретін қысқаша әңгіме өткізді. Ал татар және башқұрт этномәдени бірлестігінің «Мирас» жастар қанатының өкілі Э.Насибуллина Ассамблеяның жастар қанатының жұмысы туралы айтып берді. Қазақстан халқы Ассамбелясының қазіргі ғимаратын 2009 жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ашқанын қызметкерлер ерекше атап өтті.
Іс-шара барысында этномәдени бірлестіктердің мұражайына экскурсия ұйымдастырылып, әрбір этномәдени бірлестік жайлы, олардың мәдени мұралары мен жәдігерлері туралы жан-жақты дерек айтылды. Оқушылар кезінде қазақ жеріне қоныс аударған этнос өкілдері жайлы әңгімелерді ерекше ықыласпен тыңдап, сұрақтарын қойып, этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрлері жайыл өз білімдерін ортаға салды.
Осындай экскурсияларды өткізудің бірден-бір мақсаты ортақ отанымызда тұратын әртүрлі этностарға деген құрметті дарытып, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту болып табылады. Мұндай іс-шаралар әлі де жалғасын табады.
«Ақтөбе облысының әкімінің аппараты» ММ
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚХА ДОСТЫҚ ЕЛШІСІ АКБАР АСАДУЛЛОНЫ МАРАПАТТАДЫ
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10