
03 Қазан, 2017
823
Достық үйінің 25 жылдық мерейтойы гала-концертпен аяқталды
Достық үйінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Достық үйлері директорларының форумы өтті. Форумға Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Прокопенко Леонид Андреевич, Парламент Мәжілісінің бұрынғы депутаты Светлана Ферхо және басқа да облыстардағы «Қоғамдық келісім» КММ басшылары мен қызметкерлері, қалалық және аудандық Достық үйлерінің директорлары мен этномәдени бірлестіктердің төрағалары қатысты.
Форум барысында сөз алған Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Л. А. Прокопенко осыдан 25 жыл бұрын ашылған Достық үйі талай тың жобалар мен жаңа идеяларға бастамашы болғандығын, күні бүгінге дейін сол бастамашылдық үрдістен жаңылмай келе жатқандығын айта келе ширек ғасырлық мерейтойын атап отырған Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының ұжымын құттықтады.
Кезекті сөз алған Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің экс-депутаты Светлана Ферхо өзі туып өскен өлкедегі татулық пен бірліктің мызғымай салтанат құрғандығына, осы өңірде тіршілік етіп жатқан сан ұлттың алтын ұясына айналған ортақ үйлері - Достық үйінің алар орны ерекше екендігін атап өтті.
Сонымен қатар, Форумға қатысқан өзге өңірлерден келген «Қоғамдық келісім» мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері де өз тәжрибелерімен бөлісе отырып, Достық үйі ұжымын құттықтап, естелік сыйлықтарын табыстады.
Отырысты қорытындылаған Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының директоры Э.Төлеубеков Форум қатысушылары мен 25 жылдық мерейтойға арнайы келген қонақтарға алғыс білдірді.
Іс-шара соңы облыс басшысы Даниал Кенжетайұлының қатысуымен өткен гала-концертке жалғасты. Гала-концерттің ашылу салтанатында Д.К Ахметов Достық үйін 25 жылдығымен құттықтап, бірқатар этномәдени бірлестіктердің төрағаларына «Достық үйінің 25 жылдығы» естелік медальдарын табыстады.
Дата события ассамблеи: 03.10.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚХА ДОСТЫҚ ЕЛШІСІ АКБАР АСАДУЛЛОНЫ МАРАПАТТАДЫ
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
9 Шілде, 17:11
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
10 Шілде, 16:32
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚХА ДОСТЫҚ ЕЛШІСІ АКБАР АСАДУЛЛОНЫ МАРАПАТТАДЫ
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті