
22 Ақпан, 2016
1131
«Достық үйінің шығармашылық қонақ бөлмесі»
Өткен жұма күні Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-ның мәжіліс залында «Достық үйінің шығармашылық қонақ бөлмесі» жобасы шеңберінде бүктеме кітапшаның тұсаукесері өтті. Осы жобаның авторы және өзгермес жүргізушісі шығармашыл адам, жарқын тұлға, «Қоғамдық келісім» КММ-ның этномәдени бірлестікпен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы Холина Янина Любомировна болып табылады.
Бүктеменің тұсаукесеріне облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-нің және ҚХА хатшылығының басшылығы, облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Достық үйінің хореографиялық және вокалдық ұжымдарының қатысушылары, шығармашыл жастар қатысты.
«Достық үйінің шығармашылық қонақ бөлмесі» жобасы жұмыс істей бастағалы бері 12 бағдарлама ұйымдастырылды және жүргізілді, онда іс-шара қонақтары өте қызықты шығармашылық ұжымдармен және орындаушылармен кездесті, олармен тереңірек танысты. Барлық кездесулер көркем бүктемеде көрсетілген. Автордың айтуынша, «Достық үйінің шығармашылық қонақ бөлмесі» - бұл 2015 жылғы желтоқсанда 6 жыл толған жоба. Ол, өз күшімен қала өмірін өзгертіп және көріктендіретін, әйгілі, бірегей адамдармен шығармашылық кездесулер негізінде өтеді. «Павлодар жері дарынды адамдарға өте бай болып келеді, сол себепті әңгімемізге арқау болатын дүниелер өте көп» - деп Янина Холина ерекше тоқталып өтті.
Сонымен қатар, осы күні Достық үйінің қонақ бөлмесіне әр уақытта кездесудің басты қатысушылары болған адамдар да келді. Соның ішінде жобаның алғашқы қатысушылары, әйгілі және көпшілік көзайымы болған отбасылық дуэт – В.Грушинді еске алуға орай ұйымдастырылған авторлық әндердің халықаралық фестивалінің жеңімпаздары – Михаил мен Зулейха Сербиндер, музыкант, баяншы, 3 тамаша вокалдық ұжымдардың көркемдік жетекшісі Ташимов Гайнутдин Айнутдинұлы, Колодиндердің шығармашыл отбасылық дуэті және басқалар болды. Осы адамдардың бірегей, қайталанбас өнері көптеген табынушылар мен достарын әрдайым таң қалдырып, өзіне тартуда.
Іс-шара соңында «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Оразгелді Әліғазыұлы Қайыргелдинов көпжылдық, адал еңбегі, этносаралық қатынастағы қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі және жұмысына жауапкершілігі үшін Янина Холинаға алғысын білдіріп, зор денсаулық, бақыт, аман-саулық, жұмыста табыс тіледі.
Айтпаев Мақсат
Смағұлова Назыгүл
Ұқсас жаңалықтар
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
-
«Folk & Art Performance» жастар шығармашылық жобасы өтті
-
Маңғыстау облысында ҚХА 30 жылдығы аясында шығармашылық ұжымдардың республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өтті
-
ҚХА «Шаңырақ» республикалық шығармашылық байқауынының Комиссия мүшелерінің отырысы өтті
-
Лугмар Буларов Степногорск қ. Достық үйінің қызметімен танысты
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
вчера, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
вчера, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Ұқсас жаңалықтар
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
-
«Folk & Art Performance» жастар шығармашылық жобасы өтті
-
Маңғыстау облысында ҚХА 30 жылдығы аясында шығармашылық ұжымдардың республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өтті
-
ҚХА «Шаңырақ» республикалық шығармашылық байқауынының Комиссия мүшелерінің отырысы өтті
-
Лугмар Буларов Степногорск қ. Достық үйінің қызметімен танысты