19 Қазан, 2016
1186
Достық үйінің жанына шырша көшеттері отырғызылды
Тәуелсіздіктің 25-жылдығына орай, Орал қаласында көгалдандыру акциясы өткізіліп, соның аясында Достық үйінің айналасына, сондай-ақ 7- шағын ауданда орналасқан жаңа алаңға 250-ден астам ағаш көшеттері отырғызылды.
Көшет отырғызуға барлық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ардагерлер, қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері қатысты.
- Біз, барлығымыз, бірыңғай команда болып қаламызды одан әрі көркейту үшін Достық үйінің айналасына ағаш отырғызудамыз. Орал қаласы Қазақстандағы жасыл желекті қалалардың бірі, сол деңгейден түспей, әрі қарайда көгалдандыруға үлес қосқымыз келеді. Сондықтан біз бүгін ағаш егуге шығып, Достық үйінің айналасы жап-жасыл боп жайнап, көркейіп тұруы үшін көшеттер ектік, - деп атап өтті Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Данильбек Саратов.
- Бүгін жаңа алаңда 98, Достық үйінің айналасына 45 шырша көшеттері отырғызылды - деді «Жайық-Таза қала» ЖШС басшысының орынбасары Әбілқайыр Әмірбаев.
Ағаш отырғызу акциясына «Хабар» агенттігінің Астана қаласынан бастау алған еліміздің Тәуелсіздігінің мерейтойына арналған «Экспедиция-25» мүшелері де қосылды. Олар Алтай Көлгінов мырзамен сұхбаттасып, Орал шаһары туралы пікір алмасты:
- Оралға келген сапарларыңызды еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Достық үйінің айналасында өтіп жатырған іс-шарамызға қатысудан бастауларыңыз жақсы нышан. Қазақстанның негізгі құндылығы – бұл Тәуелсіздік және этностардың бірлігі. Бүгін акциямызға ардагерлер мен жастар, балаларымыз қатысып отыр, бұл - ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Әрбір қатысушы біздің еліміздің дамуы мен көркеюіне өзінің қолынын келерлік үлесін қосып отыр. Және де аталған акцияны, яғни қаланың көркеюі үшін отырғызылған ағаштарды, біздің қала тұрғындарының Тәуелсіздіктің 25 жылдығына жасаған лайықты сыйы деп есептеймін, - деп атап өтті облыс әкімі Алтай Көлгінов.
БҚО «Қоғамдық келісім» КММ – нің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚХА ДОСТЫҚ ЕЛШІСІ АКБАР АСАДУЛЛОНЫ МАРАПАТТАДЫ
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті