Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Мамыр, 2016

1098

«Достығымыз жарасқан» облыстық фестивалі

Петропавлдың орталық алаңында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған  «Достығымыз жарасқан»  облыстық ұлттық мәдениеттер фестивалі өтті. «Қоғамдық келісім» КММ жетекші сарапшысы-талдаушысы  Динара Елеуованың айтуынша фестивальге облыстың аудандарынан және Петропавлдан 10 этномәдени бірлестік қатысады.

Ең үлкен «Мирас» ұжымы Ғ. Мүсірепов ауданынан келген.

Этномәдени  бірлестіктердің өнерлерін құзыретті қазылар алқасы бағалады.

«Біздің бірлестікке он ұлт кіреді. Біз 30 адам болып келдік, үш тілде өлең оқимыз, түрлі ұлт өкілдерінің 9 биінен құралған би попурриін дайындап әкелдік», - айтып өтті «Мирас» этномәдени бірлестігінің төрайымы  Айгүл Нұрмағамбетова.

Фестивальді «Братство сибирских казаков» қоғамдық бірлестігінің «Звонница наследие» үлгілі  вокалдық-хореографиялық казак ансамблі ашты.  Орыстар қауымы конкурстық бағдарламаға «Богатырская наша сила» әнінің сүйемелдеуімен батырлар күресін ұсынды.  

Мінеки, қазылар алқасы да қорытынды шығарды: Гран-при «Мирас» этномәдени бірлестігінің еншісінде, бірінші орынға Шал ақын ауданынан келген «Вэсэлка» украин этноорталығы ие болды, екінші орынды «Братство  сибирских казаков» пен Орыстар қауымы өзара бөлісті. 

   

 

 

 

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай