27 Қыркүйек, 2024
247
ЕҢБЕК КҮНІНЕ ОРАЙ ҚХА ДЕПУТАТТАРЫ ҚҰРЫЛЫС ЗАУЫТЫНЫҢ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
2024 жылғы 27 қыркүйекте Еңбек күні қарсаңында ҚХА «АССАМБЛЕЯ. ПАРЛАМЕНТ. МӘСЛИХАТТАР» жобасы шеңберінде Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері - Қазақстан Республикасы Парламентінің «Бір ел - бір мүдде» депутаттық тобының мүшелері «ModeX Astana» ЖШС BI Development Astana көлемді-блокты үй құрылысы зауытына барды.
Олар кездесу барысында кәсіпорынның өндірістік үдерісімен және жетістіктерімен танысты. Және де осы күні зауытта 20 мыңдық үй құрылысы блогын салтанатты түрде шығару рәсімі өтті.
Сондай-ақ, аталған іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған 2025 жылды Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялау туралы тапсырмасын орындау шеңберінде өтті.
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары және Ассамблея мүшелері Евгений Больгерт пен Геннадий Шиповских құрылыс кәсіпорынының жұмысшыларын келе жатқан кәсіби мейрам — Еңбек күнімен құттықтады. Бұл мереке елімізде қыркүйектің соңғы жексенбісінде атап өтіледі. Сондай-ақ, спикерлер ҚХА этномәдени бірлестіктерінің және жастар қанатының қатысуымен өтетін Ассамблеяның ауқымды республикалық жобалары мен оның қызметі туралы қысқаша айтып берді.
Өз кезегінде, аталмыш зауыттың өкілдері мен жұмысшылары іс-шара қатысушылары мен қонақтарын зауыттың жұмысымен таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
«ModeХ Astana» ЖШС директоры В.Ю. Зориннің пікірінше, «бүгін зауыт 20 000-шы үй құрылысы блогын жасап шығарды, бұл жақсы ырым шығар, өйткені келесі жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейлі 30-жылдығына орай, дәл осы уақытта біз 30 000-шы блокты жасап шығаруға тырысамыз», - деді ол.
Іс-шара барысында өндірісте ерекше көзге түскен қызметкерлерге ҚР Парламенті Сенатының төрағасы атынан Алғыс хаттар табысталды.
Құрылыс ұйымының үздік қызметкері ретінде марапатқа ие болған Нина Шухонцова 6-разрядты машинист болып аталмыш зауытта 4 жылға жуық жұмыс істейді. Жұмысына да, тату ұжымына да көңілі толатын Нина, адамзат үлкен биіктерге «өз ісіңді жақсы көрсең және жақсы көретін ісіңмен айналыссаң» ғана жетуге болады деп санайды.
Айта кету керек, Еңбек күнін әлемнің 100-ден астам елі атап өтеді және бұл күнді мерекелеу дәстүрі әлемдік тренд болып табылады. Ал бірқатар елдерде ол тіпті мемлекеттік мереке мәртебесіне ие.
Қазақстанда Еңбек күні ҚР Президентінің 2013 жылғы қарашадағы Жарлығымен жұмысшы кәсіптерін құрметтеу дәстүрлерін жаңғырту және еңбектің маңыздылығын түсіну мақсатында бекітілді. Бұл күнді атап өтудің мақсаттарына өнімді еңбекті ынталандыру, жұмысшы кәсіптерінің мәртебесі мен беделін арттыру, жастар арасында жұмысшы кәсіптерін насихаттау, жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін отбасы ортасында жаңғырту және еңбек ұжымдарын біріктіру жатады.
Іс-шараға Астана қаласы мәслихатының төрағасы Е.Е. Каналимов, Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Н.И. Әлмұханов, Астана қаласы мәслихатының депутаттары, сондай-ақ елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, «Modex Astana» ЖШС зауытының басшылары мен қызметкерлері және БАҚ қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
Ә.Қайырбек Гималай шыңында күй орындап, ҚХА 30 жылдығымен құттықтады
-
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚХА ДОСТЫҚ ЕЛШІСІ АКБАР АСАДУЛЛОНЫ МАРАПАТТАДЫ
-
Ақмолада ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
Ә.Қайырбек Гималай шыңында күй орындап, ҚХА 30 жылдығымен құттықтады
-
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚХА ДОСТЫҚ ЕЛШІСІ АКБАР АСАДУЛЛОНЫ МАРАПАТТАДЫ
-
Ақмолада ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады