
04 Мамыр, 2016
821
Ең сауатты менеджер байқауы өтті
Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-де этносаралық қатынастар саласында әдістемелік көмек көрсету және мониторинг жүргізу бөлімінің ұйымдастыруымен этномәдени бірлестіктердің басшылары мен белсенді мүшелері арасында «Ең сауатты менеджер» байқауы өткізілді.
Байқауға қатысуға этномәдени бірлестіктерден 20-дан астам өкілдері өтініш білдірді. Қазақстан халқы бірлігі күні қарсаңында «Үлкен ел - үлкен отбасы» акциясы аясында Достық үйінде өткен байқау емтихан алаңындай болып көрінді. Себебі әрбір қатысушының осы байқауға тыңғылықты дайындалса да, біраз қобалжып отырғандары көрініп-ақ тұрды.
«Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева байқауға қатысушыларға сәттілік тілеп, байқауды ашық деп жариялады.
Байқау шарты бойынша қатысушылар бір сағат аралығында берілген бес тақырып бойынша екі беттік эссе жазулары тиіс еді.
Ал олардың жұмысын қазылар алқасы қадағалап отырды. Қазылар алқасы мүшелігінде Жамбыл облысы әкімі аппараты ішкі саясат басқармасының бас маманы Мирас Жорабеков, облыстық білім басқармасынан бөлім басшысы Светлана Шевченко, «Мемлекеттік тілді үйрету» КММ-нің аға оқытушысы, байқаудың төрайымы Бақыткүл Жұмабаева бар. Алқа мүшелері қатысушылардың берілген тақырыпты барынша толық және сауатты ашып көрсетуін бақылады.
«Коре» Жамбыл облысы корей Ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі жастарының көшбасшысы Алексей Сон берілген тапсырманы бірінші болып өте тамаша орындап шықты. «Этномәдени бірлестіктер жұмысының тиімділігін арттырудағы менің көзқарасым» атты тақырыпта Алексей этномәдени бірлестіктердің өзін өзі қаржыландыруы мен дербес жұмыс істеу мүмкіндігін заң жүзінде арттыру жолдары туралы ойын жазған екен. Оның ойынша әрбір этномәдени бірлестіктерде өздерінің жеке кәсіби сарапшылары болуы керек және республика, облыс этномәдени бірлестіктерімен өзара әріптестік қатынастар орнатып, тәжірибелерімен алмасуына мүмкіндік жасалуы керек деген ойын білдірді.
Екінші орынды «Шиват – Цион» еврей мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі жастар қанатының басшысы Тахмина Утесейтова, «Полонез» поляк этномәдени бірлестігінің белсендісі Виктория Майкович, ал үшінші орынды қытай мәдени орталығының төрайымы Галина Воробьева, М.Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің менеджері Наргиза Касимова және «Ювель» неміс этномәдени бірлестігі жастар клубының мүшесі Вероника Красильникова иеленді.
Байқауда ең үздіктердің қатарында көрінген алты қатысушы әртүрлі дәрежедегі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталса, қалған қатысушыларға алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.
Жамбыл облысы әкімі аппараты
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды