Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Қыркүйек, 2015

1424

Экспедиция Алматы қаласы Алатау ауданының «Боралдай сақ қорғаны» ашық аспан асты мұражайында

25 қыркүйек күні Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай Алматы қаласы Достық үйінің алаңынан тарихи-мәдени «Ұлы дала елі» экспедициясының жұмыс тобы жолға шықты.

25 қыркүйек күні Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай Алматы қаласы Достық үйінің алаңынан тарихи-мәдени «Ұлы дала елі» экспедициясының жұмыс тобы жолға шықты.

Экспедиция Алматы қаласы Алатау ауданының «Боралдай сақ қорғаны» ашық аспан асты мұражайына және Райымбек батырдың ескерткішіне қарай жол тартты.

  

Экспедицияның жұмыс тобына жиырмадан астам тарихшылар, археологтар, ғалымдар, өлкетанушылар, ҚХА мүшелері мен қалалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері қатысуда. Экспедиция мүшелері студенттерге Боралдай Сақ қорғанының тарихын, ХҮІІІ ғасырдағы Райымбек батырдың қазақ халқын жоңғарлардан қорғаған ерен ерлігін баяндап берді. Экспедиция мүшелері қатысушыларды Қазақ хандығының мерейлі тойымен құттықтады.

  

«Сақ қорғанының 2600 жылдан астам тарихы бар. Сақ қорғанының жерлеу рәсімінде аңшылық үлгі сақталған. Өкінішке орай бұл қорғанға кешенді қазба жұмыстары жүргізілмей келеді. Кейбір деректер бойынша қорғанның барлық саны 52-ге жетеді, ал кейбірінде 47 қорған деп көрсетілген. Онда 5-6 адам жерленген отбасылық сағаналар мен жекелеген сағаналар кездеседі. Әулеттік кешенді қорғандар да табылған. Ең үлкен қорғанның диаметрі 80 метр, қорғанның биіктігі 15 метрге дейін жеткен», – дейді Археология институтының бас ғылыми қызметкері Арнабай Нұржанов.

Экспедиция өз жұмысын аяқтаған соң тарих ізімен жасаған сапарлары бойынша күнделіктер мен ғылыми зерттеу еңбектерін жазуды жоспарлап отыр.

  

Кейін қарай