Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Шілде, 2015

1109

Экспедиция жалғасуда

Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданы Федоровка елді мекенінің  Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы мен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған Жайық өзеніндегі Қазақстан-Ресей тарихи-мәдени, экологиялық ХІХ бірлескен экспедициясының   қатысушылары жергілікті халықпен кездесу өткізді.

Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданы Федоровка елді мекенінің  Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы мен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған Жайық өзеніндегі Қазақстан-Ресей тарихи-мәдени, экологиялық ХІХ бірлескен экспедициясының қатысушылары жергілікті халықпен кездесу өткізді.

Айта кету керек, бұндай кездесулер Шыңғырлау, Бөрлі, Зеленов аудандарында да өткен болатын. Экспедиция биыл Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы мен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналып өтуде. Ал Федоровкадағы кездесуде делегация құрамы монументке гүл шоқтарын қоюдан бастап, содан соң этномәдени бірлестіктердің өкілдері қонақтарды құшақ жая қарсы алуымен жалғасты.

Достық үйінде өткен дөңгелек үстелге аудандағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері, ардагерлер қатысты. Дөңгелек үстел отырысын аудан әкімі Жеңіс Серікқалиев өткізді. Бірлескен экспедиция жұмысына жетекшілік жасап он тоғыз жыл басқарып келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Елена Тарасенко Жайықтың экологиялық мәселесіне қоғам назарын аудару керектігіне тоқтап, өзеннің экологиялық ахуалын оңалту бағытындағы жұмыстардың нәтижесіз еместігіне тоқталып кетті. 

Әрі қарай экспедиция жетекшісі экспедиция мүшелері мен облыстың тұрғындары "Таза жағалау" акциясына атсалысқандары туралы айтып өтті.
«Ертең Орал қаласында ҚР ауылшаруашылық министрлігінің су шаруашылығы комитеті төрағасы орынбасарының қатысуымен үлкен жиын өтеді. Ол жиында Жайық өзенінің ішкі мәселелері туралы сөз қозғалады», - деді Елена Тарасенко.

РФ Орынбор облыстық Заң шығарушы жиналысының әлеуметтік және демографиялық саясат жөніндегі комитетінің төрайымы Ольга Хромушина, ҚР мәдениет саласына еңбегі сіңген қайраткер, өлкетанушы, экспедицияның басынан бастап қатысушысы Жайсан Ақбай, Орынбор  қалалық кеңесінің «Единая Россия» партиясының фракция аппаратының басшысы Анастасия Дударева, Теректі аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Мұсағали Төлегенов, «Әйел шырағы» әйелдер кеңесінің төрайымы Любовь Лымарева тағы да басқалар сөз алып өз ойларымен бөлісті.

Кездесу соңында қонақтар тұрғындармен сый-сияпаттарымен бөлісіп, жақсы лебіздерін білдірді. Экспедиция өз жұмысын жалғастыруда, ол 29 шілде күні  Орал қаласының  Жайық жағалауында өз мәресіне жетеді деп күтілуде. Сол жерде үлкен шаралар, дөңгелек үстелдер өткізілмек.

БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің

баспасөз қызметі.

фотографиялар "Жайық пресс" медиахолдинг сайтынан алынған 

Кейін қарай