23 Қыркүйек, 2015
5213
Экспедицияның екінші күні Торғай уезінің әскери комиссары болған қазақ даласының батыр ұлының атындағы Амангелді ауданынан басталды.
Экспедиция мүшелері жергілікті билік өкілдерімен бірлесіп, халық арасында «Торғайдың қыраны» деп атайтын Амангелді Имановтың ескерткішіне гүл қойды. Одан кейін делегация Кенесары Қасымовтың сенімді серігі, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының алғашқы басшыларының бірі Амангелдінің алқызыл туының көшірмесі сақтаулы тұрған оның мемориалдық музейіне барды.

Амангелді ауданында мұсылмандар мен алыс, жақын шет елдерден арнайы келіп, зиярат ететін қасиетті жерлер көп. Сондай діни ескерткіштердің бірі Амангелді ауданының орталығында орналасқан – бұл Ғабдоллаұлы Сатыбалды ишан жерленген қос күмбезді кесене. Ескерткішті 1899 жылы оның үлкен ұлы тұрғызған.
- Ғабдоллаұлы Сатыбалды – өз заманының озық ойлы діндар адамы болған, – деп әңгімеледі Сатыбалды ишанның шөбересі Асқарбек Мурзин. – Ол 14 жыл бойы оқып, содан кейін Орталық Азия мұсылман кеңесіне емтихан тапсырып, бірауыздан ишан лауазымына ие болады. Кезінде Ғабдоллаұлы Сатыбалды ауылдастарын отырықшылыққа үндеген, оның бастамасымен ауданда бау-бақшалар пайда бола бастайды.
Әулиеге зиярат еткеннен кейін экспедицияға қатысушылар жергілікті халықпен кездесуге барды. ҚХА қорынан кітаптар сыйлағаннан кейін жергілікті жастармен бірлесе кіиз үй тігіп, бүкіл Қазақстандағы достық, келісім мен бірліктің символындай етіп, төбелеріне шаңырақ көтерді.
Кездесудің екінші бөлігі Арқалық қаласында өтті. Қалаға келесі жылы 60 жыл толады екен. Қаланың дәл орталығында Шақшақ Жәнібекке арналған ескерткіш ортнатылған. Оған және Амангелді ауданының тумасы Жәуке батырды бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды. Жәуке батырдың жарқын бейнесі Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» роман-трилогиясы мен Нұрхана Ахметбековтың «Қарға» поэмасында көркем берілген.
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының студенттерімен болған кездесу өте қызықты өтті. Жастардың алдында экспедиция басшысы, тарих ғылымдарының докторы Нұрбек Шаяхметов, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ баспасөз қызметінің басшысы Нұржамал Самұратова, радиожурналист Рүстем Жүнісов сөз сөйледі. Олар жастарға арнаған сөздерінде өз өлкесінің тарихын білуге, білімдар болуға, шыққан тектерін, түп-тамырларын, өз еңбектерімен, өнерлерімен, ерліктерімен Торғай өңірінің атын шығарған жерлес батырларды ұмытпауға шақырды.
- Торғай топырағы Отан тағдыры үшін еңбек еткен өзінің ғажайып адамдарымен, бай тарихымен таң қалдырады. Олар туралы естеліктер ұрпақтан ұрпаққа жеткізілуі керек. Біз Қазақстанды өркендетуге ұмтылған аға ұрпақты есте сақтап, қастерлеуіміз керек. Біздің экспедициямыз – Қазақ хандығының тарихын жазғандарды еске түсіруге ықпал ететін және олардың есімдерін жаңғыртатын жақсы амалдардың бірі.
Ұқсас жаңалықтар
-
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
29 Тамыз, 19:37
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті