
07 Ақпан, 2017
1127
«Экспо-2017» арналған көрме
Көкшетау қаласының Қоғамдық келісім мекемесінде 2017 жылғы 6 ақпанда Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Халықтық сәндік-қолданбалы шығармашылық шеберлері қауымдастығының шығармашылық дарынды балалармен жұмыс істеу бойынша облыстық оқу-әдістемелік орталығымен бірлескен кезекті іс-шарасы өтті.
Аталған күні «Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған облыстық сәндік өнер мен инсталляция көрмесінің салтанатты ашылуы өткізілді.
Іс-шара ұйымдастырушылары - Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ және шығармашылық дарынды балалармен жұмыс істеу бойынша облыстық оқу-әдістемелік орталығы.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Халықтық сәндік-қолданбалы шығармашылық шеберлері қауымдастығы, балалар көркемдік мектебінің, «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығының оқушылары, Көкшетау қ. оқу орындарының студенттері қатысты.
Іс-шара барысында ұйымдастырушылар дарынды балалармен жұмыс істеу бойынша облыстық оқу-әдістемелік орталығының тарихымен бөлісіп, өз өнерлерін көрсетті.
Көрменің кішкентай қатысушылары «Экспо-2017»-ге арналған сыйлық» тақырыбында келесі номинацияларда ұсынылды – сурет (кескіндемелік немесе графикалық техникадағы жазықтық композиция), сұлба немесе инсталляция (түрлі материалдардан дайындалған ғимараттың, құрылыстың, құрылғының және т.б тұрақты сұлбасы), сәндік-қолданбалы бағыттағы жұмыстар мен бұйымдарын қонақтар назарына ұсынды.
«Қоғамдық келісім» КММ көрме залында Ақмола облысының 10 ауданы мен Көкшетау қаласының, оның ішінде Көкшетау қ. құрылыс-техникалық колледжінің және Щучье қ. педагогикалық колледжінің 59 қатысушысының жұмыстары ұсынылды. Қатысушылардың сәндік-қолданбалы өнердің түрлі бағыттары мен жанрларындағы жұмыстары іс-шараға қатысушы қонақтардың қызығушылығын оятты. Зеренді ауылының Балалар шығармашылық үйі мен «Әулет» мектептен тыс орталығының тәрбиеленушілері де ерекше стильдеу мен декорациялау тәсілдерін көрсетті.
Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Манат Исмағұлов және шығармашылық дарынды балалармен жұмыс істеу бойынша облыстық оқу-әдістемелік орталығының басшысы Гүлмира Мәдиева көрермендердің алдында сөз сөйледі.
Шығармашылық дарынды балалармен жұмыс істеу бойынша Ақмола облысы оқу-әдістемелік орталығында 28 үйірме жұмыс істейтінін, онда барлығы 938 оқушы білім алатынын ескеріп өтейін. Аталмыш Орталықта мектепке дейінгі білім беру бойынша 32 педагог қызмет атқаруда.
Ұқсас жаңалықтар
-
Этнографиялық көрме: ортақ мұра – ортақ құндылық
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
«Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесі өтті
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: татулық пен келісімнің 30 жылы» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Этнографиялық көрме: ортақ мұра – ортақ құндылық
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
«Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесі өтті
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: татулық пен келісімнің 30 жылы» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті