
24 Мамыр, 2017
1857
ЭКСПО-2017: жаңа экономикалық мүмкіндіктер
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «ЭКСПО-2017: жаңа экономикалық мүмкіндіктер» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған Тараз қаласы мен аудандар әкімдігінің ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің өкілдері, ЖОО оқытушылары мен білімгерлері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері мен облыстағы жастар ұйымдары қатысты.
Ағымдағы жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйегіне дейін Астанада «Болашақтың энергиясы» деген тақырыппен халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесі өтетіні белгілі. Үш ай бойы қатысушы елдер баламалы энергия көздерін ашып, дамыту жолдарын әлем назарына ұсынады. Баламалы энергия көздерінің ұтымды тұстары жетерлік. Айталық, экологиялық тазалық, төменгі баға және қоршаған ортаға ешқандай кері әсер етпейтіні. Бұған дейін Орталық Азия мен ТМД елдерінде ЭКСПО сынды ауқымды халықаралық шара өткен емес. Осы тұста, Қазақстан тарихында бұл көрме алтын әріптермен жазылып, ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізеді деген сенім мол.
Ғылыми-тәжірибелік конференция барысында өңірдегі әкімдіктердің жауапты мамандары, ғылыми ортаның өкілдері, қоғамдық бірлестіктер мен БАҚ ЭКСПО-2017 көрмесі Жамбыл облысының әл-ауқатын қалай жақсартады деген мәселені қарастырды.
Өз сөзінде М.Х.Дулати атындағы ТарМУ ректоры Сарыбеков М.Н. елордада өтетін халықаралық көрме Қазақстан Республикасы мен әлем экономикасын дамытуға қандай мүмкіндіктер тудыратынына тоқталды.
Баламалы энергияны әлем халықтары қалай қолданады? Республика мен Жамбыл облысындағы «Жасыл энергетиканы» дамыту бойынша заңнаманың құрылу жұмысы қалай жүргізілуде? Бүгінде аталған саланың жеткен жетістіктері мен мүмкіндіктері қандай деген сұрақтарға ҚХА кафедрасының меңгерушісі Мамедова Парида Иманжанқызы өз баяндамасында жауап берді..
ТарМУ ғылым және жаңа технологиялар бөлімінің директоры, профессор, ҚХА ҒСТ мүшесі Бекбасаров И.И. баяндамасына баламалы энергия көздерінің рөлін, өнеркәсіп қалдықтарын инновациялық энергетиканы дамыту факторы ретінде қолданудың маңызын арқау етті.
Ал ТарМУ-нің «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті әлемдегі эволюциялық үрдістерде Қазақстанның орнын анықтау мәселесін тілге тиек етті.
«Золотой караван» туристік компаниясының директоры А. Веймер өз баяндамасында ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу аясында ҚР туризм саласын дамытудың жолдарына тоқталды.
Баяндамалар қатысушылар назарына ұсынылған соң, қиындықтар анықталып, туындаған мәселелерді шешу жолдары нақтыланды.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
ЖАҢА ӨМІРДІҢ ЖАРҚЫН БАСТАМАСЫ
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзі
-
Жаңа 2025 жыл құтты болсын!
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау қаласының маңында болған қайғылы ұшақ апаты туралы жаңалықты күйзеліспен қабылдады
Ұқсас жаңалықтар
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
ЖАҢА ӨМІРДІҢ ЖАРҚЫН БАСТАМАСЫ
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзі
-
Жаңа 2025 жыл құтты болсын!
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау қаласының маңында болған қайғылы ұшақ апаты туралы жаңалықты күйзеліспен қабылдады