22 Қараша, 2022
454
«Ел бірлігі» Тik-Tok house жобасы бастау алды
2022 жылы 21 қарашада Астана қаласында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдауымен «Ел бірлігі: Тik-Tok house» жобасы бастау алды. «Қоғамдық келісім» РММ бастамасымен қолға алынған аталған жоба ағымдағы жылдың 18 желтоқсанына дейін жалғасады.
«TikTok house» жобасының мақсаты – жалпымәдени және жалпытарихи құндылықтарды, мәдениетаралық диалогты дамытуға, қазақстандық этностарды «бірлігіміз әралуандықта» қағидаты бойынша біртұтас ұлтқа интеграциялауға, оның ішінде қазақ тілін үйрену және елдің қоғамдық дамуының 100 өзекті тақырыбы бойынша бейнеконтент жасауға бағытталған бірегей алаң құру. Яғни, «TikTok house» – бұл блогерлер ортақ мазмұнды қысқа бейнероликтер түсіретін және оларды #qogam_life ортақ хэштегі бойынша tiktok беттеріне орналастыратын арнайы алаң.
Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен 200 жас, оның ішінде этномәдени бірлестіктердің, «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдері қатысады.
Бір-бірімен бәсекелесетін қатысушылар 3 үйде орналастырылған. Жұма сайын, аптаның соңында бейнероликтері ең көп қаралған 4 қатысушы марапатталады.
Жоба барысында инновациялық технологиялар мен оқытудың жаңа форматтарын пайдалана отырып, арнайы оқыту әдістемесін қолдану арқылы қатысушылардың қазақ тілін меңгеру деңгейін арттыру көзделген. Бұл мақсатта, яғни, қазақ тілін оқыту үшін кәсіби спикерлер шақырылып, олар өз кейстерімен және тәжірибелерімен бөліседі.
Сонымен бірге, қатысушылар заманауи видео мен фото түсіру саласын жетік меңгеруі үшін шеберлік сабағын өткізетін SMM мамандарды, фотографтар мен мобилографтарды шақыру жоспарлануда.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті