
28 Қаңтар, 2021
732
«Ел бірлігін нығайтуда медиация институтын тиімді пайдалану қажет»
Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңына – 10 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясының медиациясына 5 жыл толуына орай онлайн форматта дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Мұндағы мақсат – медиация институтын дамыту. Азаматтардың кез-келген жанжалды шешу барысында ымыраға келуге дайын болуы – өз кезегінде азаматтық жетілу мен жауапкершіліктің индикаторына айналады, қоғамның құқықтық мәдениетінің даму деңгейін жоғарылатады, Қазақстанның бүкіл әлеуметтік құрылымының әлеуметтік жағдайы мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
«Қоғамдық келісім» РММ-нің жобаларын іске асыру және құрылымдарымен жұмыс жасау басқармасының басшысы Талшын Италиева өз сөзінде:
- Медиацияның әлеуетін ұтымды пайдалана білсек, біз қоғамда орын алатын дау-дамайларды оңтайлы реттеу арқылы, ішкі бірлікті бекемдеп, ел іргесінің аман болуына үлес қоса аламыз. Медиация термині бізге таңсық болғанымен, оның мазмұны біздің халқымызға ежелден таныс ұғым. «Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» деген ұстаныммен өмір сүрген дана халқымыз аталы сөзге тоқтауды білген. Қара қылды қақ жарып, әділдігін айтатын билердің көмегімен ел бірлігін сақтап, дауласушы тараптарды мәмілеге келтіру – ата-бабаларымыздың ертеден келе жатқан дәстүрі, олар «араағайындық», «бітімгер», «мәміле» және т.б. терминдер қолданған, - деді.
Ал ҚХА республикалық Медиация кеңесінің мүшесі Рузанна Есентемирова еліміздің барлық мектептерінде Медиация қызметтері құрылып, жоғары оқу орындарында медиация пән ретінде оқытылуы тиіс екенін айтты..
Түркістан облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ медиация институтының үйлестірушісі Дана Кенжеқұлова Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған медиация институтының негізгі мақсатына тоқталды.
– Біздің міндетіміз – медиацияны дамыту мен насихаттау арқылы оның жұмысын жүйелендіріп, ұйымдастыру, ел бірлігі мен ынтымақтастығын нығайтуда медиация тетігін тиімді пайдалану. Соңғы жылдары ел аумағында медиацияға ерекше мән берілуі біздің дәстүрімізден жаңылмай, жаңашыл болуымызды, болашағы біртұтас ел болуымызды меңзейді. Өркениетті қоғамның берік іргесі – заң болса, тұғыры – құқық, - деді ол.
Жиын соңынан медиация институтына арналған бейнеролик көрсетіліп, алыс және жақын шетелдегі медиаторлар әріптестерін Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңына – 10 жыл, ҚХА медиациясына 5 жыл толуына орай құттықтау тілектерін жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ