Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Тамыз, 2016

754

Ел рухын еселеді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Астана қаласы Назарбаев университетінің спорт кешенінде 17-19 тамыз аралығында өткен «Олимпийское лето – Ел рухы» атты Қазақстан халқы ассамблеясы фестивалінде республикамыздың барлық облыстарынан қатысқан командалармен бірге Ақмола облысының спортшылары да қатысты. Жарыста волейболшы әйелдер командасы (З.К. Ахметова), сонымен қатар  армрестлинг (И.С. Ильин), тоғызқұмалақ (М.И. Жамбеталин) және қазақ күресі (А.К. Исин) бойынша спортшылар сайысты.

17 тамыз күні фестивальдің салтанатты ашылуы болып, оған еңбек сіңірген спортшылар, ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының қатысуы, барлық көрсетілімдер би өнерімен, спортшылардың көрнекі өнер көрсетуімен жүргізілуі үлкен әсер қалдырды.

Екі күн қызу жарыс болып, оған өздерін республикалық және халықаралық деңгейде көрсеткен командалар мен спортшылар қатысты. Қазақ күресі, таеквандо, үстел  теннисі мен минифутболдан жарыстар тартысты болды. Волейболшылардың да тартымды ойыны көрерменді қызықтырды. Назарбаев университетінің үлкен спорт кешенінде бір мезетте тілек білдірген спорттың барлық түрлерінен жарыстар өтіп жатты.

Іс-шара соңында үйлестіруші Ф.Ж. Абулхаевтің қолдауымен және Ақмола облысы әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ ұсынған жаттықтырушы М.С. Искаков, спортшылар Р.С. Базарбек пен А.А. Шалғымбайдың жетекшілігімен «Татар мәдениеті орталығы» ЖШС мүшелерінің «Татарша куряш» ұлттық спорттық ойыны командасының тартымды ойыны ерекше қызықты өттіі. Күресушілердің техникасы мен ұтымды қимылдары көрермендердің көңілінен шықты. Іс-шараға арнайы тігілген спорттық киімдегі спортшылар басқалардың арасында көзге ерекше көрінді.   

РИО Олимпиадасының қазақстандық спортшыларын қолдауға арналған Астанадағы жарыс барлық қатысушыларға, төрешілер мүшелері мен қонақтарға арналған кешкі аспен аяқталды. 

Жарыстың үш күні қызу өтті.  Біздің спортшылар Сазонов Олег армрестлинг бойынша 2-ші орын және Ищанова Диана 3-ші орынды жеңіп алды. Жалпы командалық біріншілікте біздің ақмолалықтар бірінші бестіктің қатарында болғанын  атап өткен жөн. 

Кейін қарай