Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Тамыз, 2015

1220

«Ел тірегі-Ата Заң» форумы

Конституция – егемен еліміздің мемлекеттігін, тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат.

Конституция – егемен еліміздің мемлекеттігін, тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат. 30 тамыз күні Республика алаңында, Ата заңымыздың 20 жылдық мерейтойына арналған маңызды іс-шара өтті. «Ел тірегі – Ата заң» форумына Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының ұжымы және этномәдени бірлестіктері, ШҚО ҚХА және ҒСТ мүшелері, жастар қоғамдық бірлестіктерінің мүшелері, шығармашылық ұжымдары қатысты.

Қазақстан Республикасының және Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының туларымен, тарнспаранттармен, түрлі-түсті жалаушалармен, гүлдермен безендірілген шеру Республика алаңына жол тартты. Әрбір Қазақстан азаматы үшін маңызы зор мерекеге жиналған қала жұртшылығын облыс әкімі Д.К. Ахметов құттықтады. Салтанатты шарадан соң қала тұрғындары мен қонақтары өнерпаздардың мерекелік концертін тамашалады. Форумның басты мақсаты – тәуелсіздік тірегі болған Ата заңды құрметтеу, азаматтық бейбітшілік пен этносаралық келісімді нығайту.

Кейін қарай