
29 Қараша, 2017
833
«Ел тірегі – Елбасы» атты кездесу кеші өтті
Бүгін облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Ел тірегі - Елбасы» кездесу кеші өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, облыстық этномәдени бірлестік басшылары, белсенді мүшелері, облыстық ҚХА құрылымдары, зиялы қауым өкілдері, ЖОО оқытушылары мен студент жастары және БАҚ өкілдері қатысты.
Салтанатты жиын басталмас бұрын оқушылардың арнайы дайындаған «Ел тірегі – Елбасы» атты әдеби композициясы орындалды.
Кездесу кешінің модераторы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының басшысы Ләйлә Төрешова: «Елбасы басшылығымен Қазақстан өз мемлекеттілігін барлық нышандары бар, этносаралық және конфессияаралық келісіммен жүз отыздан астам ұлт пен ұлыстың өкілі бейбіт өмір сүріп, еңбек етіп жүрген, тең құқылы мемлекет ретінде қалыптастырды.
Елімізді тар жол-тайғақ кешу талай кезеңдерден сүріндірмей, әлем мойындаған мемлекеттің негізін қалады. Сондықтан елдегі игіліктердің барлығы Тұңғыш Президент, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Елбасы тәуелсіздік жылдары Қызылорда облысының, ондағы еңбексүйгіш халықтың ертеңіне қажетті бірнеше ірі жобалардың іске асуына бастамашы болды. Елбасының Сыр еліне жасаған әрбір сапарынан мұндағы халықтың келешекке деген сенімі арта түседі. Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласын орындау мақсатында облыстық ассамблея «Ұлы дала елі» тарихи-танымдық экспедициясы мен «Өңірлік қайырымдылық жасаушылар форумы» секілді жобаларды іске асырды. Аталған іс-шаралар облыстың маңызды жобалар тізбегіне енгізілді», -деді.
Салтанатты бас қосудың алғы сөзі облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемовке берілді. «Тәуелсіздіктің небәрі 25 жылдығы ішінде бағындырған белестеріміз жетерлік. Алда алар асуларымыз одан да көп. Бүгінде еліміз дамудың даңғылына түсе отырып, әлемдегі озық елдердің қатарынан ойып тұрып орын алды. Бұл еліміздің шыңға өрлеп, бүкіл әлем мойындаған ел болуына аянбай еңбек еткен Елбасының арқасы екені бүгінде баршамызға аян. Бұл мерекенің тойлануының өзіндік халыққа берері мол. Осы мереке арқылы жас ұрпақ Тәуелсіз Қазақстанның тарихын танып, оның ел болып қалыптасу жолында қандай тұлғаның аянбай еңбек еткенін жадында сақтауына үлесін қосады»,-деді.
Кездесу барысында Елбасы өмірінен сыр шертетін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы деректі фильмнің көрсетілімі болды. Сондай-ақ, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының құрылымдарының өкілдері, этномәдени бірлестіктің жетекшілері сөз сөйлеп, мерекелік күнге орай ой-пікірлерін ортаға салып, жылы лебіздерін білдірді.
Облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясының баспасөз қызметі
Дата события ассамблеи: 29.11.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
16 Маусым, 23:30
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
17 Маусым, 22:41
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
16 Маусым, 00:02
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қызылорда облысы
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ