10 Қаңтар, 2019
1423
Ел тыныштығын күзетіп жүрген сарбаздар ауылдың сарқытынан дәм татты
Шымкент қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері №6505 әскери бөлімшесінде ел тыныштығын абыроймен қорғап жүрген сарбаздармен жолығып, тұрмыс-жағдайларымен танысып, Жаңа жыл мерекесімен құттықтап қайтты.
Сонымен қатар, қоғам белсенділері сарбаздарға әжелердің қолынан арнайы дайындалған бауырсақ, құрт, ірімшік, жент-талқан сынды ұлттық тағамдар салынған сарқыт қоржындарын табыстады.
«Сарқытты қазақ халқы «үлкен кісілердің жолын, абыройын берсін» деген ырыммен жастарға үлестірген. Осыны ескере отырып, отбасынан жырақта, Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жауынгер жігіттерге елден сәлемдеме ретінде үйде әзірленген ұлттық тағамдардан дәм татқызуды құп көрдік. Ынтымағы ырысты, бірлігі бекем елімізді қорғауда табандылық пен ерік-жігер тілеп, бата бердік», - дейді қалалық «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігінің төрайымы Гаухар Төлепова.
Азаматтық парызын абройлы атқарып жүрген сарбаздар алыстағы отбасын сағынғандарын, көрсетілген ыстық ықылас пен ізгі ниет сол сағынышты, аз да болса, басқанын жасырмады.
«Кезінде ауылда әжелеріміз әкелетін сарқытты таласа жейтінбіз. Бұл дәстүрдің астарында үлкен мән-мағына жатқанын кейін түсіндік. Елге белгілі кісілер дәм татқан дастарханнан сарқыт алып, біздерге де солардың жолын берсін деген астарлы мән-мағына жатыр екен. Бүгін ақ жаулықты аналар тарту еткен сарқытты бөлісе жеп, мәз-мейрам болудамыз. Бұл шара біздің бауырмалдылығымызды одан әрі арттыра түсті», - деп ағынан жарылды жас сарбаз, қатардағы жауынгер Мади Молдалиев.
Одан кейін көрермендер назарына қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Көркем» әжелер тобы дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылды. Халық әндерін тыңдаған сарбаздар ұйымдаструшыларға дән ризашылығын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
26 Тамыз, 17:00
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды