Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Қаңтар, 2016

2736

Елбасыға арналады

19 қаңтар күні Ақмола облысы әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде Елбасыға арналған жылжымалы фотокөрме ашылды. Онда шамамен 50 шақты фотосурет қойылған. Туындылардың басым көпшілігі Елбасының еңбек жолына арналған.

 Екі бөлімнен тұратын фотокөрмеде Нұрсұлтан Назарбаевтың Теміртау қаласында басталған еңбек жолы және Ақмола облысына келген жұмыс сапары, өңірдегі әлеуметтік нысандар мен өндіріс орындарын аралаған сәттері бейнеленген.

Ашылу салтанатында сөз алған «Қоғамдық келісім» мекемесінің жетекшісі міндетін атқарушы Манат Исмағұлов «Елбасының әр кезеңде түсірілген суреттері бүгінде тарихқа айналды. Жастар арасында Елбасы рөлін насихаттау мақсатында өткізіліп отырған бұл іс-шара алдағы уақытта да жалғасын табады»,- деп атап өтті. Фотокөрменің ашылуына қатысқан университеттің профессорлар-оқытушылар құрамы және студенттер өз тарапынан  ұйымдастырушыларға зор алғысын білдірді.

Аталмыш жылжымалы фотокөрмені ағымдағы жылы облыстың барлық мекемелерінде ұйымдастыру жоспарланып отыр.   

 

   

 

«Қоғамдық келісім» мекемесінің

 баспасөз орталығы

Кейін қарай