
18 Маусым, 2020
1470
Елбасы алдында жастар атынан сөз сөйлеу бұйырды
2015 жылдың наурызы еді. Студенттік кезімнің соңғы жылдары болатын. Ауылдан келген қара баланың талпынысы мен талабын одан әрі қаланың тыныс-тіршілігі баурап алып, қоғам өмірінің дамуына қолдан келгенше жастар атынан үлесімді қосып, есесіне сол бір белсенділіктің арқасында Тараз қалалық «Жастар орталығында» еріктілер ұйымының жетекшісі болып жүрген шақ еді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде мерекелеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатты. Облыс әкімдігіне жылдам келуге қоңырау түсті. Тіпті, қызметтік көлікте жіберіп қойыпты. Ойымда ештеңе жоқ, абыр-сабыр күймен шығып кетім, бір шетінен қобалжу мен уайым да бар. Үшінші қабатқа кіріп, 30 адамның 29-ыншысы болып тіркелдім. Облысқа белгілі саяси тұлғаларды, өнер, білім, ғылым және басқа да түрлі жетістіктерге жеткендерді облыс әкімі К.Көкрекбаев қабылдап жатыр екен. Басты тақырып – Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына Елбасымыз арнайы келіп қатысатын республикалық жастар форумы. Бар ынта-ықыласымды аударып, күш-жігерді жиып, дайындалып отырдым. Кезегім келді. Жастар атынан не айтасың деген сұрақ қойылды.
Жастар алдында сөйлеп, жаңаша бастамаларға бастау болып жүрген жастың бірі ретінде ойыма оралған оңды сөздерді орағытып, азды-көпті өлең шумақтарымен жалғастырып жібердім. Облыс жастарының атынан сен сөйлейсің деген сөзді естіген сәттегі әсерді айтып жеткізу мүмкін емес. Дайындықтар, күндегі кездесулер, сөйлейтін сөздерді сараптау, барлығы мерекелік күн болатын уақытта дайын болды. Елбасымен кездесетін сәт таяды. Бойда тербеліс бар. Қобалжу, қорқу, барлығында Елбасымыдың алдына шығып, амандасқанымнан-ақ ұмытып, сайрай түстім. 5000 адам жиналған Тараз Арена спорт кешенінің көрінісі тіптен бөлек. Елбасыма егемендік жолдағы ерен істері үшін, өз алғысымды шынайы білдіріп, ары қарай өркендеп өсу жолында өлеңіммен өрілген алғысымды білдірдім. Сөз аяғы келгенде шапалақпен шабыт берген көрермендерге қосылып, Елбасымыздың өзі де орнынан тұрып қошеметтеп тұрғаны да үлкен әсерге бөледі. Қызмет барысындағы осы бір сәт ең үлкен жетістік деп білемін. Сондай-ақ, «Жас Отан» жастар қанатының белсенді мүшесі болып жүріп, Астана қаласында өтетін «Жас Отан» жастар қанатының сьездеріне де бірнеше рет Елбасымыз қатысатын әр түрлі жиындардың да қатысушысы болдым. Елбасымен #birgemiz!
Айбек Қадыралиев,
Тараз мемлекеттік педагогикалық
университетінің жастар ісі жөніндегі
комитетінің төрағасы,
Жамбыл облыстық ҚХА мүшесі
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
6 Шілде, 09:06
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы