
29 Тамыз, 2018
3595
Елбасы Астанада «Бейбітшілік қабырғасы» монументін ашты
Елордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Бейбітшілік қабырғасы» монументінің ашылу салтанатына қатысты. Монумент Астана қаласының 20 жылдығына арналған Ақтөбе облысының тартуы болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Салтанатты шараға дипломатиялық миссиялардың жетекшілері, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, зиялы қауым өкілдері, Ақтөбе облысының делегациясы, соныме бірге Астанада өтіп жатқан халықаралық Келісімшарт Ұйымының қатысушылары қатысты.
Ақтөбеліктердің бірегей тартуы Тәуелсіздік алаңының көрнекті тұсына, «Қазақ елі» монументіне жақын жерде салынған. Жоба негізіне Президенттің «Әлем. ХХІ ғасыр» антиядролық манифестінің идеясы енгізілген, сондықтан нысан дәл 29 тамыз - халықаралық ядролық сынақтарға қарсы әрекет күнінде ашылып отыр.
Осыдан тура 27 жыл бұрын Президент Жарлығымен Семей ядролық сынақ алаңы жабылған болатын. Бұл - әлемдегі ең ірі ядролық қаруы бар елдің бірінің одан бас тарту процесінің басталуы еді. Сәулетшілер атап өткендей, қабырға біртұтас біріктіріп, қорғап тұратын жапырақ тәріздес шатырды бейнелейді. Яғни, дәстүрлі түрік құрылтайының өнегесімен ұлттарды ұйыстырып, оларды бір шаңырақтың астына жинайды.
Металл мен табиғи тастан тұрғызылған кешен үш бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі - бөлшектеу мен оқшаулауды, екінші бөлігі - үміт, еркіндік пен тәуелсіздікті, үшіншісі бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді сақтау жолын бейнелейді. Монументтің жалпы ұзындығы - 111 метр, ені - 18,4 метр, биіктігі 17,5 метр. «Бейбітшілік қабырғасының» тұрқы төзімді әрі берік темірден жасалған. Монументті тұрғызуға жалпы аумағы 6 мың текше метр болатын 1200 тонна гранит пайдаланылады. Мемориалда әлемнің 51 тілінде «Бейбітшілік» деген сөз жазылған.
Авторлар жобаның көрнекті мазмұнға ғана емес, оның функционалдығына да жіті мән берген. Аспалы шатырдың ашық панельдері 2,5 миллион жарық нүктесі бар 616 текше метрді алып жатқан LED-жүйеге ие. Ол кез келген үлкен көлемдегі сандық дүниені таратуға мүмкіндік береді.
Экранға шығару еуропалық өнім өндірушілердің ең соңғы үлгідегі видео, аудио және коммутациялық жабдықтар орнатылған серверлік бөлмелерде жүзеге асырылады. Сол себепті бұл таңғажайып арт-нысан - саяси, мәдени-бұқаралық, ақпараттық шараларды, лазерлік және басқа шоуларды өткізетін тамаша орынға айналмақ.
Құны 1,8 миллиард теңге тұратын «Бейбітшілік қабырғасы» Ақтөбе облысы аумағында жұмыс істейтін компаниялар мен кәсіпкерлердің қаржысына салынғанын айта кеткен жөн. Олардың қатарына «ERG», «Қазмұнайгаз», «BIGroup», «Ақтөбесәулет» ЖШС, «Астана-Дострой» ЖШС, «БабекҚұрылыс» ЖШС және тағы басқалары бар.
Дата события ассамблеи: 29.08.2018
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Астана қаласы
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
9 Шілде, 17:11
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
10 Шілде, 16:32
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Астана қаласы