28 Сәуір, 2021
938
Елбасы ҚХА құрметті төрағасы болды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтан Қазақстан халқы Ассамблеясының құрметті төрағасы болуды сұрады.
«Аса құрметті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы, біздің Ассамблеяның Құрметті Төрағасы болу туралы ортақ ұсынысымызды қабыл алуыңызды өтінеміз. Бұл мәртебе шын мәнінде халықтың және мемлекеттің алдындағы тарихи еңбегіңізге байланысты Сізге тиесілі. Ассамблеяның барлық мүшелері бұл ұсынысты қолдайды деп сенемін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы қастерлі тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында Ассамблея халықтың талап-тілектерін орындауға бағытталған нақты жобаларды жүзеге асыруға айрықша мән беруі міндет екендігін баса айтты.
«Баршамызға ортақ жұмыстың басты бағдары дәл осындай болуға тиіс. Біз бәріміз бірлік пен ынтымақтың арқасында жасампаз ұлт болып алдымызда тұрған тарихи мақсаттарға қол жеткіземіз», - деді ҚР Президенті.
Осы ретте ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблеямен тығыз жұмыс істей беретіндігін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М. Әзілхановтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына және Ш. Айтматовтың 97 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық конференция өтті
-
ҚХА аясында Павлодар облысында Еңбек Ассамблеясы ашылды
-
Астанада «Елдесу және татуласу» жобасы аясында ҚХА Республикалық этномедиация кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының кеңейтілген отырысы өтті
-
ҚХА өкілдері «UNITON» зауытының еңбек ұжымымен кездесті