Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Қаңтар, 2017

911

Елбасы үндеуі талқыланды

Бүгін Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің жаңа ғимаратында Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуді талқылауға арналған жиналыс өтті.

Іс-шараға ҚХА мүшелері, Жамбыл облысы этномәдени бірлестіктерінің басшылары, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері және «Ақ желкен» жастар лигасы қатысты.

«Қоғамдық келісім» КММ Ғылыми-сараптамалық топ сарапшысы Тапаева Альбина өз сөзінде: «кешегі Елбасы Н.Ә.Назабаевтың үндеуі еліміз үшін атап өтерлік жайт. Жүзеге асырылғалы отырған Конституциялық реформа біздің мемлекет пен қоғам үшін аса маңызды. «Елу жылда – ел жаңа» демекші, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өткеннен кейін-ақ жаңа өзгерістер енгізіліп отыр.  Бұл мемлекеттің дамуын жаңа кезеңге шығаратыны сөзсіз», - деді.

«Елбасының бағдарламасы әлемде болып жатқан жайттарға байланысты құрылымдық өзгерістер халықты бейімдеуге бағытталған. Билік тармақтарының өкілеттіктерінің ауысуы саяси тұрғыдан тиімді. Жалпы мемелекеттік басқару жүйесінің жақсаруына оң әсер етеді. Бұл жолда жастар белсенді болуы қажет. Себебі қоғамдағы бейімделуді замануи бағытта жастар атқарады», -  деп «Днипро» украин мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ф. Л.Клименко жиынында өз пікірін білдірді.

«Мемлекеттік басқару жүйесі өзгереді. Әрине осы уақытқа дейін қандай да бір жағдай болмасын барлығына да Президент жауап беретін. Ендігі кезде Үкімет пен Парламенттің халықтың алдындағы жауапкершілігі арта түседі», - деп атап өтті «Жамбыл облыстық өзбек этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігі төрағасы Б.Т.Муминов.

Жиын барысында барлық қатысушылар өз пікірлерін білдірді. 

Кейін қарай