Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Шілде, 2015

829

Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» жоспары ел назарында

14 шілде күні Маңғыстау облыстық Азаматтық альянсы мен Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудағы Азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықты нығайту мәселелері  бойынша аймақтық семинар өткізді.

14 шілде күні Маңғыстау облыстық Азаматтық альянсы мен Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудағы Азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықты нығайту мәселелері  бойынша аймақтық семинар өткізді.

Екі күнге созылған семинарға облыс әкімінің орынбасары Б.Нұрғазиева, ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі А.Шайназарова, Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласын бақылау комитетінің төрағасының орынбасары А.Ахметов, Батыс өңірі – Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары ішкі саясат басқармасының қызметкерлері, «Азаматтық альянс» көшбасшылары, облысымыздың ҮЕҰ ресурс орталықтары, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы мен сарапшылар қатысты.   

Жиынның бірінші күнінде Азаматтық қоғам институттарымен қарым-қатынасты жетілдіру мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің бес институционалдық реформасын іске асыру аясындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспары талқыланып, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, пікір алмасты. Сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік органдармен және бизнеспен іс-қимыл жасау мәселелері қарастырылып, батыс өңірінің өкілдері және «Келісім» ҚБ, ірі өндіріс мекемелерінің жас мамандары, аудандық ресурс орталықтары өкілдері өз тәжірибесімен алмасты.

 «Қазіргі таңда аймағымызда облыс орталығы мен барлық аудандарда облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ҮЕҰ біріктіретін ресурс орталықтары қызмет етіп отыр. Ресурс орталығы тұрғындар мен белсенді азаматтарға ақпараттық, кеңес беру қызметін көрсетіп қоймай, өңіріміздегі өзекті мәселелерді билік пен азаматтық қоғам болып бірлесіп шешуде үлкен рөл атқарып отыр. Осы қызмет туралы тәжірибемізбен семинарға қатысушы әріптестерімізбен бөлісе отырып, олардың да жетістік тәжірибелерімен танысқымыз келеді» - деді, семинарда сөз алған Маңғыстау ауданындағы «Шаңырақ» қоғамдық қорының директоры Рыскүл Игілікова.

Жиында сондай-ақ, өзге облыстардан келген мамандар да өз ойын айтты. Солардың бірі, Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының төрайымы Айгүл Дүйсенова. Бүгін біз мемлекеттік қызметкерлермен, үкіметтік емес ұйым өкілдерімен бірлесе отырып, осындай семинар өткізіп отырмыз. Біздің мақсат - Мемлекет басшысы ұсынған «100 нақты қадам» жоспарын бұқараға түсіндіру. Біздің мақсат осы Маңғыстаудың және басқа өңірлердің Елбасы жоспарын атқаруда жасап жатқан жұмысымен танысу», - деді ол.

Сондай-ақ, жиын барысында «Келісім» қоғамдық қорының төрайымы Зульфия Бернеева «Қазақстандық толеранттылық пен бірлік моделін құрудағы Маңғыстау облысының этномәдени бірлестіктерінің рөлі» тақырыбында баяндама жасады. Зульфия Идаятуллақызы өз баяндамасында қиын-қыстау заманда өзге ұлт өкілдерін бауырына басқан Қазақстан жайлы айтып, Қазақ елінің бүгіні мен кешегісіне тоқталды. «Қазақстан өзіне келген ұлттың барлығын құшақ жая қарсы алды. Бұл қазақ халқының қонақжайлылығы мен ерекше бауырмалдығы деп білемін. Маңғыстауда бүгінгі таңда 50 этнос тұрады. Оның 20-сы өз алдына этномәдени бірлестік құрды. Бүгінде сол 20 этномәдени бірлестік мұнайлы аймақтың өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосуда. 2013 жылы қалалық әкімшілік «Бір шаңырақ астында» әлеуметтік жобасын жасады. Бұл жоба 2014-2015 жылдары да өз жалғасын тапты. Осы жоба басталғалы мұнайлы аймаққа өзге өңірлерден қонақтар келіп, тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасаудамыз. Маңғыстаудағы этномәдени бірлестіктер де Маңғыстаудың өмірінде айрықша жұмыстар атқаруда. Бүгінгі таңда этномәдени бірлестіктер түрлі әлеуметтік жобаларға, қайырымдылық акцияларына қатысып, қолдан келгенше аймақтың өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосуда», - деді ол.

Семинардың екінші күнінде шара қатысушылары маңғаз Маңғыстаудың көрікті жерлеріне саяхат жасап, қойнауы құпияға толы мұнайлы өлкенің әсем табиғатын тамашалады.

 

Кейін қарай