18 Қазан, 2018
788
Елбасы Жолдаулары 21 жыл ішінде 15 тілге аударылды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 5 қазан күні жыл сайынғы кезекті Жолдауын халыққа жолдады. Ең алғаш 1997 жылы 10 қазанда 2030 жылға дейiнгi Қазақстанның даму стратегиясы мен оны жүзеге асырудың бiрiншi кезектегi шараларына арналған Елбасы Жолдауы жарияланған болатын.
Одан беріде бұл жыл сайынғы дәстүрге айналып, 21 жылдың ішінде еліміздің дамуы жолында аса маңызды саналатын, көптеген өзекті мәселелер қамтылған, халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған бастамаларымен 20-дан астам Жолдау халыққа арнайы жолданды.
Осы уақытқа дейін мемлекет басшысының халыққа жолдаған Жолдауы әлемнің 15 тіліне аударылып, таратылыпты. Жалпы таралымы жетпіс миллион дана болатын 1,5 миллион материал жарияланғаны да белгілі болып отыр.
Ал, 1999 жылы Президенттің ең қысқа Жолдауы шыққан, ол небәрі 1436 сөзден тұрған. Осы орайда ел басшысының ең ұзақ, ауқымды Жолдауына да тоқтала кетсек, ол 2013 жылы жолданған және 15 465 сөзден құралған.
Бұл тарихи құжаттардағы ең көп қолданылған сөздердің ондығына «мемлекет», «қауіпсіздік», «экономика», «сапа», «инновация», «әлеуметтік», «әлем», «бірлік», «бәсекеге қабілеттілік», «бизнес» секілді сөздер енген. Осы сөздерден-ақ Жолдауда негізінен қандай мәселелер қамтылғанын бағамдауға болады.
Елбасымыздың бір жылда екі рет халыққа Үндеу тастаған кездері де кездескен. Мәселен, 2012 жылы Президент алғаш рет Қазақстан халқына екі рет Жолдау арнаған. Алғашқысы — 2012 жылдың 27 қаңтарында «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту — Қазақстан дамуының басты бағыты» тақырыбына арналса, сол жылдың 14 желтоқсанында жолданған «Қазақстан-2050» стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы болған.
Дата события ассамблеи: 18.10.2018
Ұқсас жаңалықтар
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті