
06 Шілде, 2020
1729
Елбасымыз мәдениетімізді қайта жандандыруға серпін берді
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Рымбала Омарбекова Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев мәдениет саласына ерекше көңіл бөлгенін айтады.
Елбасымыз «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген халқымыздың дана сөзін алға тартып, осыдан ширек ғасырдан астам уақыт бұрын енді ғана қаз басқан мемлекетіміздің қыруар мәселелеріне қарамастан, мәдениетке жоғары мән беріп, өшіп бара жатқан шырақты қайта тұтатты. Ел тәуелсіздігімен қатар қазақ мәдениеті үшін жаңа кезең басталды.
Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асып, еліміздің түпкір-түпкірінде тарихымызды зерделейтін құнды жәдігерлер табылып, әлем елдерінің назарын елең еткізді. Мәңгілік мұрасы, бай мәдениеті бар тәуелсіз ел екенімізді тағы да бекемдей түстік.
2008 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы өзі кірпішін қалаған Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының жаңа ғимаратының ашылуы мәдени өмірімізге зор серпін берді. Бұл театр бүгінгі таңда мыңдаған қарағандылықтардың, оның ішінде жастарымыздың рухани азық алатын орнына айналып отыр. Кітапхана, мұрағат қорлары толығып, заман талабына сай электронды жүйеге көшіріліп, техникалық жабдықталды.
Біздің кәсіби әртістеріміз бен әнші, бишілеріміз әлем елдерінің сахналарында ұлттық өнерді асқақтатып, мәдениетімізді насихаттауда. Нұрсұлтан Назарбаев мәдениетті қайта жандандырудағы, біртұтас Қазақстан халқының негізгі рухани құндылықтарын әлемдік деңгейде ілгерілетудегі рөлін көрсетті. Елбасымыздың дана саясатының арқасында Сарыарқаның төрінде, киелі шаңырақ астында біріккен жүздеген ұлт өкілінің төл тілі мен мәдениетін құрметтеуіне барлық жағдай жасалып, жасампаз істеріміз күннен-күнге артып келеді.
Біз, мәдениет қызметкерлері, өз тарапымыздан, ұлттық руханиятымыздың жаңғырып, мәдениетіміздің әрі қарай гүлденуіне, сан ұрпаққа рухани аманат, Мәңгілік мирас болып қалатын тәрбиелік мұра қалдыру үшін еңбек етеміз.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық жылының ашылуы өтті
-
ҚХА ЖАСТАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУҒА ҚУАТТЫ СЕРПІН БЕРУДЕ
-
Елордалық Ақсақалдар кеңесінің өкілдері зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жіберді
-
Қазақстан Республикасының «Дустлик» өзбек этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы Петропавл қаласына гуманитарлық көмек жіберді
-
«БАРБАНГ» КҮРДТЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ АТБАСАР ҚАЛАСЫНА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ
-
АСТАНАДАН ТӘЖІКТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ БИЗНЕСМЕНДЕРІ 25 МЛН.ТЕҢГЕГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
сегодня, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық жылының ашылуы өтті
-
ҚХА ЖАСТАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУҒА ҚУАТТЫ СЕРПІН БЕРУДЕ
-
Елордалық Ақсақалдар кеңесінің өкілдері зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жіберді
-
Қазақстан Республикасының «Дустлик» өзбек этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы Петропавл қаласына гуманитарлық көмек жіберді
-
«БАРБАНГ» КҮРДТЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ АТБАСАР ҚАЛАСЫНА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ
-
АСТАНАДАН ТӘЖІКТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ БИЗНЕСМЕНДЕРІ 25 МЛН.ТЕҢГЕГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ