Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Қазан, 2015

1113

«Эльбрус» Павлодар қарашай-черкес және қабарда-балқар ұлттық мәдени орталығына 10 жыл

Жуырда 2015 жылғы атаулы даталардың бірі – «Эльбрус» Павлодар қарашай-черкес және қабарда-балқар ұлттық мәдени орталығының 10 жылдық мерекесі аталып өтті. Шараға облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы, облыс басшылығы мен қала жұртшылығы белсене қатысты.

Жуырда 2015 жылғы атаулы даталардың бірі – «Эльбрус» Павлодар қарашай-черкес және қабарда-балқар ұлттық мәдени орталығының 10 жылдық мерекесі аталып өтті. Шараға облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы, облыс басшылығы мен қала жұртшылығы белсене қатысты.

«Қоғамдық келісім» КММ-нің конференц-залында облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Р.Ш.Шамкенованың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды, ал «Достық» концерттік залында қарашай-черкес және қабарда-балқар ұлттық мәдени орталығының 10 жылдығына арналған салтанатты кеш өтті. Мәдениет үйінің холында халықтың шығармашылығы мен қолөнер туындыларынан сыр шертетін үлкен көрме ұйымдастырылды. Концерттік бағдарлама барысында «Эльбрус» этномәдени бірлестігінің: «Къуанч», «Теберда», «Чипчык», «Домбай», «Алан», «Минги Тау» атты шығармашылық ұжымдары көрермендерге кавказ халқының әуенді әндері мен әсем билерін сыйлады.

«Эльбрус» ЭМБ-нің мерекелік бағдарламасына мемлекеттік мекемелердің, облыстық Қазақстан халқы ассамблесясың және облыстық этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Олар бірлестік жұмысын жоғары бағалап, «Эльбрустың» салт пен дәстүрді, тілді және Кереку өңіріндегі бейбітшілік пен достықты нығайтудағы қосып келе жатқан үлесін ерекше атап өтті. Шара барысында З.И. Кумуков, Р.К. Гуданаева, Х.К. Байрамкулов, А.К. Ныгматова, Р.З. Кумуков, З.Х. Атаева, Х.А. Жангузинов, Т.С. Нұрахметова, З.Х. Дюсекеева, Ж.Я. Бучикеева, С.Д. Ахметов сынды этномәдени бірлестіктің белсенділері облыс әкімі, Павлодар және Ақсу қалалары әкімдері және қалалық мәслихат атынан алғыс хаттар мен құрмет граоталарымен марапатталды. «Эльбрус» Павлодар қарашай-черкес және қабарда-балқар ұлттық мәдени орталығының төрайымы М.А. Байрамкулова Өскемен қаласындағы Ресейдің Бас консулдығының атынан Ресей және Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты нығайтқаны үшін Құрмет грамотасына ие болды.

Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ медиа қамту бөлімі

Кейін қарай