29 Қараша, 2017
993
«Елім деп соққан жүрегі» атты облыстық форум
Қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру, еліміздің еңсесін тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап, халқымызды әлемге таныту жолындағы Елбасының ерен еңбегін өскелең ұрпаққа үлгі ету мақсатында, ағымдағы жылдың 29 қараша күні сағат 14.00де Достық үйінде Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Тұңғыш Президент күніне арналған аудан, қала өнерпаздарының облыстық патриоттық әндер байқауыны жеңімпаздарының қатысуымен «Елім деп соққан жүрегі» атты облыстық форум өтті.
Іс-шараға Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғ.Тұрсынбай, «Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығының» директоры Т.Қасымберкебаев, облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, облыстық этномәдени орталықтардың төрағалары мен белсенділері, Ардагерлер, Аналар кеңесі, «Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығының» қызметкерлері, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенттері, мектеп оқушылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Форум барысында Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі - Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлы, Алматы облысының «Құрметті азаматы», облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі - Гаитова Светлана Зунуновна, облыстық орыс орталығы төрағасының орынбасары - Котельникова Лариса Леонидовна, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Педагогика және психология» факультетінің 1-курс студенті - Татьяна Лавриненко сөз сөйлеп, Тұңғыш Президент күнімен құттықтады.
Шара Тұңғыш Президент күніне арналған «Елім деп соққан жүрегі» облыстық патриоттық әндер байқауының Гала-концертімен, соңынан байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімімен аяқталады. Байқау қорытындысы бойынша, музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен ән салу номинациясы бойынша: 1 орынды – Жамбыл ауданынан Шаңбаев Есбол, 2 орынды – Іле ауданынан Жаңабаев Ақылбек, ал 3 орынды – Қапшағай қаласына келген үміткер Айсұлу Райымхан алды. Вокал номинациясы бойынша: 1 орын – дуэт Қайырғазинова Айсәуле мен Абдрахманов Нариман, Қарасай ауданынан, 2 орынды – Мәулеш Әбжапаров, Кербұлақ ауданынан, 3 орынды – Қарасай ауданынан Ақерке Құрбан иемденді. Байқауға қатысқан өнерпаздарға Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Достық үйі - Қоғамдық келісім кеңесі» алғыс хат және ынталандыру сыйлықтарымен, ал жеңімпаздарды диплом және бағалы сыйлықтарымен марапаттады.
Дата события ассамблеи: 29.11.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
вчера, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті