14 Желтоқсан, 2015
1459
«Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік»
Еліміздің Тәуелсіздігі күні қарсаңында 2015 жылдың 14 желтоқсаны күні Қазақстан халқы Қызылорда облыстық Ассамблеясының ұйымдастыруымен №11 орта мектепте оқушылар арасында шығарма жазудан «Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік» атты байқау өткізілді.
Еліміздің Тәуелсіздігі күні қарсаңында 2015 жылдың 14 желтоқсаны күні Қазақстан халқы Қызылорда облыстық Ассамблеясының ұйымдастыруымен №11 орта мектепте оқушылар арасында шығарма жазудан «Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік» атты байқау өткізілді.
Бұл іс-шараға қаланың 9-11 сынып оқушылары қатысып, бақ сынады. Байқаудың негізгі мақсаты білім алушылар арасында Тәуелсіздік жолындағы тарихи оқиғалар туралы түсінік қалыптастыру. Оларды отансүйгіштікке, халқына адал қызмет етуге, жерін қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Әділ қазылар мүшесі, «Қоғамдық келісім» мекемесінің бас сарапшысы Ж.Жакенов жастарды туған жерді қастерлеуге, халқының тарихын ұмытпауға шақырып, Тәуелсіздік жолында тер төккен азаматтар жайлы айтып берді.
№11 орта мектептің мұғалімдері Г.Әли мен Ж.Басықараева қатысушыларға сәттілік тілеп, білімдерін бағалады.
Байқау шарты бойынша берілген 45 минут уақыт ішінде еркін түрде шығарма жазылып, ең ұтымды, әдеби тілде көркем әрі тиянақты жазылған шығарма үздік болып танылды.
Тартысты өткен байқау нәтижесінде Н.Қабылова 1-орынды, М. Нұрлыбек 2орынды, Д.Жұбанышбай мен Ш.Ерік 3-орынды иеленді.
Ең үздік шығарма иелеріне грамоталар мен бағалы сыйлықтар табысталып, қалған қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Ұқсас жаңалықтар
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады