Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Желтоқсан, 2015

1064

«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» атты облыстық эстафета - Шарқар ауданында

Шалқар аудандық мәдениет үйінде ауданында 10 желтоқсан күні көршілес Ырғыз ауданынан келген эстафетаны қабылдау салтанатты жағдайда өтті. Гимн шырқалып, іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Дариға Қарашолақова ашты.

Шалқар аудандық мәдениет үйінде ауданында 10 желтоқсан күні көршілес Ырғыз ауданынан келген эстафетаны қабылдау салтанатты жағдайда өтті. Гимн шырқалып, іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Дариға Қарашолақова ашты. Ол тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің қол жеткізген жетістіктерін айтып, алдағы 2016 жылы атқарылар жұмыстың өскелең ұрпақ үшін маңызын, Шалқар ауданында атқарылып жатқан игі істер туралы айтты.  Ауданнан ауданға аманатталған эстафетаны алып келген Ырғыз аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мейірхан Аттиев, Ырғыз аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының бірінші орынбасары Марат Тұрымов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қуанышбай Кенжебаев, Ырғыздағы №1 қазақ орта мектебінің мұғалімі Ғалым Әбдірахмановтар сахна мінбесіне шығып, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өткізіліп отырған бұл шараның маңыздылығына тоқталды.

Ырғыз аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы салтанатты түрде эстафеталық символдағы альбомды «Нұр Отан» партиясының Шалқар аудандық филиалы төрағасының орынбасары Г. Сейітова, аудан әкімінің орынбасары Дариға Қарашолақоваға, Шалқар қаласының әкімі С. Жұмановқа тапсырды. Іс-шара барысында көрші ауданның ардагерлер кеңесінің төрағасы Қуанышбай Кенжебаев бүгінгі күн мен өткен шақтың айырмашылығы жер мен көктей екендігін, небір ауыр күндер артта қалғандығын айтып, өсіп келе жатқан жас буын елдегі бейбітшілікті қастерлеп, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болуы үшін аянбай тер төксе деген ақсақалдық тілегін жеткізді. Аудан әкімінің орынбасары Д. Қарашолақова аудан жастарын біріктіруде, этностар мен ұлттар арасындағы бейбітшілік пен келісімді, татулықты нығайтуда атқарған еңбектері үшін аудан мектептерінің директорларын аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады. Қорытындысында Мәдениет үйінің алдында әр ұлттың биінен құралған жастардың флэшмоб биі өтті.

«Ақтөбе облысының әкімі аппараты» ММ

«Қоғамдық келісім» КММ-нің баспасөз қызметі

Кейін қарай