17 Қазан, 2020
767
Елордада «Қан тапсыр – өмір сыйла» акциясы өтті
Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен бірлесе отырып «Қан тапсыр – өмір сыйла!» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Санитарлық талаптарға сай, қан алу Достық үйінің ауласында өтті. Орталықтың арнайы мамандандырылған автобусында донорларға сай барлық жағдай жасалынды. Акцияның барлық қатысушылары ең алдымен денсаулығы мен COVID-19 сауалнамасын толтырып, алдын ала тексеріске жіберілді. Маскалық режим мен арақашықтықты сақтай отырып келушілердің дене температурасы, қан қысымы өлшенді.
Белгіленген уақытқа дейін 30 адам донор атанып, әрбіреуі 450 мл-ден қан тапсырды. Гемоглабин және дене салмағының төмен болуына байланысты 10 адам тексерістен өтпеді.
«Екінші жыл қатарынан тұрақты түрде қан тапсырып келемін. Бүгінгі акцияда донорлар үшін барлық жағдай жасалған. Екі күн бойы денсаулығыма қарап, майлы әрі ысталған тағамдарды жемедім. Өзгенің өмірін сақтап қалуға ат салысқаным үшін өзімді бақытты сезінемін», - дейді қала тұрғыны И.Шарипова.
Айта кетейік, аталмыш қайырымдылық акциясы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен атқарылған үшінші қайырымдылық іс-шарасы болып табылады.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті