18 Наурыз, 2022
645
Елордада «Ассамблея жастары» мен «Жас сарбаз» РҚБ арасында Меморандумға қол қойылды
ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының ғимаратында «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі мен «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі арасында жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі М.Әзілханов, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары М.Таласов, сондай-ақ жастар ұйымдарының көшбасшылары мен өкілдері қатысты.
Өзінің алғы сөзінде Ассамблея Төрағасының орынбасары бұл бастаманың өскелең ұрпақтың арасында бірлік пен келісімнің құндылықтарын дәріптеу, сонымен бірге осы бағытта жастардың әлеуетін жұмылдыру деп атап өтті.
«Президент өз Жолдауында саяси реформалардың жүйелі бағдарламасын белгіледі. Сайлау жүйесін өзгерту, партиялық бәсекелестік пен демократиялық институттарды дамыту әркімнің ел өміріне қатысуына жол ашады. Бұл әсіресе біздің жастарға қатысты. Біздің жастар ұйымдары құжатқа қол қойып қана қоймай, оның артында белсенді және үйлесімді жұмыс тұрғанын түсіну керек. Менің ойымша, әріптестер ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін жақсы бастапқы база болатын жол картасын сапалы пысықтады», - деді М.Әзілханов.
Өз кезегінде, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор М.Таласов Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар ұйымдарына өскелен ұрпақтың әскери-патриоттық тәрбиесін дамытудағы өзара іс-қимылы үшін алғысын білдірді.
«Бүгін әскери-патриоттық жұмыстарды одан әрі жетілдіру мақсатында «Ассамблея жастары» бірлестігі мен «Жас сарбаз» қозғалысы арасында меморандумға қол қою іс-шарасын өткізудеміз. Қазіргі таңда «Жас сарбаз» қозғалысының жұмысы арқасында елімізде әскери-патриоттық клубтар саны үш еседен артыққа өсіп, 7 868-ге дейін артты, барлығы 236 045 жасөспірімдерді қамтиды. Осы жылдар ішінде бір миллионға жуық балаларды қамтыған 3 мыңға жуық іс-шаралар өткізілді. Бұл жұмыстардың барлығы жастардың бойына қазақстандық патриотизм сезімін оятуға, қазақстандық нағыз патриоттың образын қалыптастыруға бағытталған», - деді ол.
Қол қою аясында әскери-патриоттық тәрбиені дамыту жөніндегі бірлескен жол картасы бекітіледі деп күтілуде. Аталған шаралар аясында мотивациялық кездесулер, спорттық іс-шаралар, орта мектептерде жаңа әскери-патриоттық клубтар ашу және т.б. жұмыстарды іске асыру жоспарланған.
Естеріңізге сала кетейік, «Ассамблея жастары» жастар ұйымы өз қызметін таныстыру аясында басты мақсаты жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге арналған «Қасиетті парыз» бағытын ұсынды.
Меморандумға «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Т.Жұмырбаев пен «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» РҚБ төрағасы М.Меңдіғалиев қол қойды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37