03 Маусым, 2023
407
Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен веложарыс өтті
2023 жылғы 3 маусымда елорданың жасыл белдеуі аумағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай веложарыс өтті.
5-15 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық жарыстар "ВАЙНАХ" Қазақстандағы шешендер мен ингуштардың республикалық қауымдастығының, Астана қаласы әкімдігінің және "Астана Орманы" ЖШС қолдауымен ұйымдастырылды.
Іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Е. Болгерт, "ВАЙНАХ" Қазақстан шешендері мен ингуштары қауымдастығының тең төрағасы Ю.Келигов, "Ассамблея жастары” РҚБ төрағасы Т.Жұмырбаев, Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Е.Карбозов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, министрліктер мен әкімдіктің, ҚХА этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, сондай-ақ мектеп оқушылары мен мектеп жасына дейінгі балалар қатысты.
Іс-шара 300-ге жуық адамды қамтыды. Олар 20 км астам жолды велосипедтен жүріп өтті.
Ұйымдастырушылар веложарыс аяқталғаннан кейін қатысушылар арасында бағалы сыйлықтар ойнатты. Олардың ішінде спорттық велосипедтер, каска және т.б болды.
Велошерудің бастамашысы, Ассамблея мүшесі, "Вайнах" Қазақстандағы шешендер мен ингуштар қауымдастығының тең төрағасы Юсуп Келигов іс-шараның маңызына тоқталды. "Балалар - елдің болашағы, ал олардың денсаулығы - тұтас ұлттың денсаулығы екенін сирек ойлаймыз. ҚХА мүшесі ретінде мен әрқашан мемлекетіміздің дамуына өз үлесімді қосуға дайынмын. Ал елдің дамуы мен Қазақстанның болашағы өскелең ұрпаққа байланысты. Балалардың денсаулығы - ұлт денсаулығы. Сондықтан біз - Қазақстан халқы Ассамблеясының түрлі этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, жастарымызға көмек пен қолдау көрсетуге әрқашан дайынбыз!
Біз барлығымыз тек балаларымыз үшін қызмет жасаймыз. Сондықтан мен бұл веложарысты ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орайластырғым келді. Өйткені, мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші бейнесін білдіреді!" — деді Юсуп Келигов.
Іс-шара соңында Юсуп Келигов пен "Ассамблея жастары РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев балаларға тәттілер таратты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
ҚР Парламентінің «Бір ел - бір мүдде» депутаттық тобының отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Жеңіс күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы