26 Наурыз, 2019
1390
Елордада еврейлердің «Пурим» жаңару мерекесі атап өтілді
Елордадағы Достық үйінде «Алеф» еврей мәдени-танымдық және қоғамдық саяси қауымдастығы» елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп, жаңарудың мерекесін ерекше көңіл-күймен атап өтті. Биыл бұл мейрам Наурызбен тұспа-тұс келіп отыр.
Пурим – карнавалдық мейрам, келген қонақтар әдемі киініп, өзі және дәстүр туралы, киген костюмы туралы айтып берді. Іс-шара барысында 2000 жылдық тарихы бар ежелгі мереке жөнінде деректер баяндалып, қонақтар бір-бірін құттықтады. Сондай-ақ, балалар түрлі флешмобтар ұйымдастырып, ән айтып, көңілді би орындады. Сонымен қатар, дәмді дастархан әзірленіп, тәтті тоқаштар жайылды.
«Бүгін бірнеше ғасырлық тарихы бар еврей дәстүрі бойынша көңілді «Пурим» мерекесін атап өттік. Қазақстанда тұрып жатқан барлық еврей халқы бұл мерекені аса қуанышпен атап өтеді. Жаңару мерекесінде қоғамымызда да біршама өзгерістер, жаңарулар болып жатыр, алдағы уақытта да осындай достықты сақтай аламыз деп сенемін. Барлық қазақстандықтарға елімізде бейбіт аспан астында бір-бірімізді құрметтеп, бір шаңырақ астында тұрып жатқанымызды ұмытпай, ортақ мүдде үшін қызмет етуімізді тілеймін. Ол идея - әлемнің қалыптасқан елдері қатарына еніп, құрметке, Қазақстан халқы Ассамблеясының негізінде елдегі бейбіт пен келісімді сақтай отырып, балаларымыз бен болашақ ұрпағымыздың алғысына бөлену. Барлық басшылыққа бүгінгідей мерекеміз бен дәстүрімізді еркін өткізуге мүмкіндік жасалғаны үшін алғыс айтқым келеді,» - деп «Алеф» еврей қауымдастығы төрағасының орынбасары Николай Горбунов өз тілегін жеткізді.
Аталмыш мереке елордалық еврей мәдени орталығы және Қазақстан-Израиль достық қауымдастығы негізінде ұйымдастырылды, сондай-ақ оған достары, жақындары мен туыстары бар басқа этномәдени орталықтардың өкілдері қатысты.
«Үй мен көрші болып мерекелеу ортақ дәстүрімізге айналған, өйткені біз ортақ шаңырақ астында өмір сүреміз», - дейді ұйымдастырушылар мен мерекеге қатысушылар. Бұл мереке де жаңаруды, жақсылықтың зұлымдықты жеңуін білдіретін мереке екенін атап өткен жөн.
(«Аман құлақшалары») Пурим мерекесінде әзірленетін дәстүрлі тағам
Оқи отырыңыз:
КӨКШТАУДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНДА КИІЗ БАСУ, ҰРШЫҚ ИІРУ, ИІРІМ ЖІПТІ ӨҢДЕУ БОЙЫНША ШЕБЕРЛІК СЫНЫПТАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
БҚО ҚХА ЭТНОСТАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ЛАГЕРЛЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ҰСЫНДЫ
ҚАРАҒАНДЫДА РУМЫН ФОЛЬКЛОРЫНЫҢ VII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Дата события ассамблеи: 26.03.2019
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
1 Маусым, 18:22
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
2 Маусым, 12:07
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
1 Маусым, 09:16
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
1 Маусым, 09:18
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
4 Маусым, 10:59