14 Қыркүйек, 2020
1549
Елордада ҚХА-ның 25 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді
15 қыркүйекте сағат 11.00-де Нұр-Сұлтан қ. Достық үйінде (Б. Момышұлы даңғылы, 24/9) Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл: сын-қатерлер, жетістіктер, тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Конференцияға қатысушаылр қазіргі этносаясат саласындағы, мәдениет пен жаһандану кезеңінде толеранттылықты қалыптастыру мәселелері бойынша халықаралық іс-қимылдың өзекті мәселелерін; Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық жұмысы нәтижелері мен 2025 жылға дейінгі ҚХА даму концепциясын жүзеге асырудағы перспективаларды талқылайды деп күтілуде.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Түймебаев, ТМЫК (Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі) Бас Хатшысының орынбасары, Қырғызстанның халық жазушысы С.Раев, ҚХА Төрағасының орынбасары, «Астана қаласының өзбек этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы Ш.Полатов, Ресей халықтарының Ассамблеясы Кеңесінің төрағасы С.Смирнова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты С.Абдрахманов, сондай-ақ ҚХА мүшелері, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Елшіліктердің, этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысады.
Конференция барысында үш секцияның жұмысы жоспарлануда: «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін қалыптастырудағы және бірегей қоғамдық институт – Қазақстан халқы Ассамблеясын құрудағы рөлі», «Біз – Қазақстан халқымыз» (Этносаралық саладағы мемлекет саясатының негізіндегі «Бірлік көптүрлілікте» қағидасы) және «Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған және Қазақстанға жер аударылған халықтардың тағдыры».
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мен әл-Фараби ат. ҚазҰУ арасында меморандумға қол қойылды
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
-
Марат Әзілханов «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы Д.Әлиевпен кездесті
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
-
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
9 Қыркүйек, 09:14
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:51