
28 Ақпан, 2022
533
Елордада халық қалаулысы Әскери-тарихи музей қызметкерлерімен кездесті
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты С.Әбдірахманов ҚР ҚМ Әскери-тарихи музейінің қызметкерлерімен кездесті.
Ресми түрде ашылғанына жеті жыл болған ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейі бірнеше қабатты қамтитын еліміздің жүріп өткен жолындағы әскери армиясының тарихымен және қазіргі таңдағы қарулы күштердің әлеуетін танытатын құрал-жабдықтар мен қару түрлерін көрсете алады.
«Әскер тарихын білу арқылы жас ұрпақ отансүйгіштікке тәрбиеленеді, ата-баба аманатына адалдық таныта алады», - деген ҚР ҚМ Әскери-тарихи музейінің бастығы, полковник Нұртаза Асылов мұндағы маңызды құжаттар мен жеке папкалар, Танк әскерлері тарихы, Жауынгер-интернационалисттер залдары құнды жәдігерлермен, әскери тарихтан хабардар ететін мазмұнды мұраларға толы көне заман тарихи хронологиялық жүйемен беріліп, Қазақ хандығы, ХХ-ғасырдың әскери тарихи оқиғалары, Ұлы Отан соғысы жылдарына тиесілі көптеген мағлұматтарымен таныстырды.
Әскери қызметкерлермен кездесуде сөз сөйлеген Парламент Мәжілісінің депутаты Сауытбек Әбдірахманов Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобының қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып, елдегі жағдайға тоқталды.
- Құндылықтарды жаңғырту үшін бірінші кезекте мектеп базасынан бастау керек. Рухани тәрбие соншалықты тез жүрмейді, қазіргі жас ұрпақ әлемді әйел мұғалімдер арқылы қабылдайды, өйткені мектептерде мұғалімдердің басым көпшілігі әйелдер. Бізге де Отанды қорғау үшін полицейлерге, әскери қызметшілер мен мұғалімдерге жағдай жасау қажет. Олар уақытша пәтерлерде жүрмеу үшін, депутат-әріптестеріммен бірге тұрақты тұрғын үй беру мәселесін қарастырып жатырмыз, - деді ҚХА сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сауытбек Әбдірахманұлы.
Кездесу соңында депутат тыңдаушылардың қойған бірқатар сұрақтарына жауап бере отырып, «Әскери-тарихи музейдегі кездесу көңілден шығып отыр. Сарбаздардың, музей қызметкерлерінің бүгінгі таңдағы аса маңызды мәселелерді қозғауы, білікті, жанашыр сұрақтар қойғаны өте құштарлық. Қазіргі таңда әскери-патриоттық тәрибенің мән-маңызы бұрынғы қай кездегіденде арта түсіп отыр. Осындай жауапты шақта музей ұжымының жұмысына сәттілік, табыс тілеймін», - деп музейдің естелік кітапына қолтаңбасын қалдырды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
«Халық әуендері» ноталар жинағының тұсаукесері өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары М. Әзілханов Израиль Кнессетінің спикері Амир Оханамен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары М.Әзілханов В.Тенмен кездесті
-
Алматы қ. ҚХА Ақсақалдар кеңесінің ұйымдастыруымен ҚР ІІМ курсанттары ҚР спорт шеберлерімен кездесті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
вчера, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
18 Маусым, 09:23
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
«Халық әуендері» ноталар жинағының тұсаукесері өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары М. Әзілханов Израиль Кнессетінің спикері Амир Оханамен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары М.Әзілханов В.Тенмен кездесті
-
Алматы қ. ҚХА Ақсақалдар кеңесінің ұйымдастыруымен ҚР ІІМ курсанттары ҚР спорт шеберлерімен кездесті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы