
11 Қыркүйек, 2020
1086
Елордада отбасы күніне орай «Мама» фотокөрмесі ашылды
Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде отбасы күніне орай фотокөрме ашылды. Іс-шараның мақсаты: отбасы институтын насихаттау, көп балалы және көп буынды отбасын құрметтеуге тәрбиелеу, фотообъектінің призмасы арқылы қазақстандық қоғамның көпқырлылығын көрсету.
Шараға көпбалалы аналар – этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен белсенді қоғам қайраткерлері, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері қатысты. Құттықтау лебізін Нұр-Сұлтан қаласы ішкі саясат басқармасы этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлім басшысы Ләззат Құсайынова арнады.
«Отбасы күніне орай қоғамда белсенді жұмыс атқарып, еңбекте табысты болған, іскер әйелдердің фотокөрмесін ұйымдастырып отырмыз. Барлығы 24 әйел мен олардың отбасыларының фотолары бар. Ассамблея жанында бірнеше қоғамдық құрам қызмет атқарады. Солардың бірі әрі бірегейі елордалық ҚХА-ның Аналар кеңесі. Кеңес мүшелерінің фотосуреттері де осы көрмеге қойылған», - деп атап өтті Л.Құсайынова.
Биыл ҚХА-ның 25 жылдығына орай, шығарылған төсбелгілерді Аналар кеңесінің белсенді мүшелеріне көрме аясында Ләззат Құсайынова табыстады. Олардың қатарында Наталья Рудой, Сарсенгуль Зиявдинова, Камета Ибраева, Ханифа Мациева, Шапаат Нурахунова бар.
«Аналар кеңесі алға қойған барлық міндеттерді іске асырып келеді. Елімізде орын алған төтенше жағдайларға қарамастан, қоғам белсенділері саналатын нәзік жандылар қайырымдылық іс-шараларымен қатар, психологиялық қолдау көрсету функциясын атқарды. Бүгінгі фотокөрме, бүгінгі әйелдер - ана өз жанұясын қорғаушы екенінің дәлелі, - деді Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Алтынай Тәңірбергенова.
«Мама» фотокөрмесінің салтанатты ашылуынан соң келушілер басқа да көрме кейіпкерлерімен танысу мүмкіндігін алды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мен әл-Фараби ат. ҚазҰУ арасында меморандумға қол қойылды
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Али Балоевпен кездесу өткізді
-
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
9 Қыркүйек, 09:14
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:51
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мен әл-Фараби ат. ҚазҰУ арасында меморандумға қол қойылды
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Али Балоевпен кездесу өткізді
-
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді