Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Шілде, 2019

3759

Елордадағы Достық үйінде «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасының іс жүзіне асырылу барысы талқыланады

18 шілдеде сағат 11.00-де елордадағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану – ел бірлігінің негізі» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының тарихын, дәстүрлерін, гуманитарлық және адамгершілік ұстанымдарын белсенді ілгерілету, халықтың бірлігі мен қазақстандықтардың жалпыұлттық тарихи санасын нығайту, қазақстандық патриотизм, қазақ халқының топтастырушы рөлінде этностардың рухани-мәдени бірлігі негізінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, конференцияның басты міндеті – Қазақстан халқының ортақ құндылықтарымызды қалыптастыру және нығайту арқылы бірігуіне ықпал ету. Қазақ халқының тарихы мен тілін үйрену арқылы барлық ұлт өкілдерінің бірігуі елдегі тұрақтылықтың кепілі бола алады.

Ғылыми конференцияға Қазақстан Республикасының мемлекеттік қайраткерлері, ғалымдар, ҚР Парламентінің депутаттары, Нұр-Сұлтан қаласы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, сондай-ақ жастар қатысады деп күтілуде.

Ес теріңізге сала кетейік, 2018 жылы Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаевтың бастауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 26-шы сессиясында «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасының тұсау-кесері жасалды. Еліміздегі барлық этностардың қазақ халқының жалпыұлттық және жалпы мағыналық құндылықтарын қазіргі және болашақ ұрпақтың санасына жеткізу және қарқынды дамытып отыру, стратегиялық жобаның бағыты болып табылады.

Кейін қарай