24 Наурыз, 2022
945
Елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы Наурыз мерекесін атап өтті
Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік іс-шара ұйымдастырып, киіз үйлер мен алтыбақан орнатылып, қазандарда наурыз көже мен палау пісіріліп, мерекелік дастархан дайындалып, барлық қатысушыларға бауырсақтар таратылды.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Берік Жәкенов елорда тұрғындарын Наурыз мейрамымен құттықтады.
«Наурыз – терең тарихи тамыры бар көктем мен жаңғыру күні. Біздің халқымыз оны Ұлыстың ұлы күн деп атайтыны таңқаларлық емес. Осы қасиетті сәтте адамдар бір-бірінің реніштерін кешіреді және тек жылулық тілейді. Бұл күні әдеттегідей бұлақтардың көзін ашып, ағаш отырғызады. Игі дәстүрмен қайырымдылық көмек көрсетеді. Сөйтіп, өсіп келе жатқан ұл-қызына, ұрпағына ынтымақ пен бірліктің, еңбектің мәнін түсіндіріп, санасына сіңіреді. Әрине, осынау әрбір игі істің, ата дәстүрдің астарында ғасырлар бойы сабақтастығын үзбей жеткен халқымыздың өшпес өсиеті жатыр», - деп атап өтті қала әкімінің орыбасары Берік Оралұлы өз құттықтауында.
Сондай-ақ Қазақстандағы дипломатиялық Өзбекстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев барша Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтап, бейбітшілік пен амандық тіледі.
Этносаралық келісімді нығайтуға елордалық Ассамблея қомақты үлес қосуда. Барлық этномәдени бірлестіктер үшін ортақ үйге айналған Достық үйі жасампаз азаматтық бастаманың, мазмұнды және үлкен тәрбие жұмысының қайнар көзі болып табылады. Шын мәнінде, кез келген мемлекеттің басты құндылығы оның Тәуелсіздігі, ұлттық бірлігі, қоғамдағы бейбітшілігі мен келісімінде.
Мереке барысында көрермендер елордалық этномәдени бірлестіктердің экспозицияларына барып, этностардың мәдениетімен, дәстүрлерімен, ұлттық тағамдарымен танысуға мүмкіндік алды. Қалалық ҚХА Аналар кеңесі елордалық бүлдіршіндердің тұсау кесу рәсімін ұлттық дәстүрге сай, жөн-жоралғымен өткізді. Қала әкімінің орынбасары Берік Жәкенов ұл баланың тұсауын кесіп, тілегін білдірсе, Қазақстандағы дипломатиялық Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Ку Хонг-Сок мырзаның жұбайы қыз баланың тұсауын кесіп, ақ тілегін жеткізді.
Қолданбалы өнер бойынша шеберлік-сыныбы өтті, онда бисермен тоқу, кесте тігу дағдылары көрсетілді. Сондай-ақ, бес бағыт бойынша ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылды: бұқа тартыс, асық ату, гір көтеру, қазақша күрес, қол күрес. Спорттық ойындардың жеңімпаздары қала әкімінің алғыс хаттарымен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Мереке барысында түрлі мәдени-ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылып және алдын ала ұйымдастырылған сурет салудан инстаграм-байқау жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табысталды.
Мерекелік бағдарлама этномәдени орталықтардың кәсіби ұжымдары мен көркемөнер ұжымдарының концерттік қойылымдарымен жалғасты.
Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің өкілдері, дипломатиялық өкілдіктердің елшілері, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ өкілдері, ҚР ІІМ Нұр-Сұлтан қаласының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, қоғам қайраткерлері, жастар, БАҚ өкілдері, елорда тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
15 Тамыз, 17:43
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
15 Тамыз, 18:34
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
вчера, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
вчера, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
вчера, 18:23