09 Наурыз, 2022
418
Елордалықтар Масленица мерекесін атап өтті
Елордалық Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы дәстүрлі «Масленица» халықтық мерекесін ұйымдастырды.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстанда тұрып жатқан этностардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлеріне құрметпен қарап, Қазақстандық мәдениетаралық үлгінің жетістігін көрсету, этносаралық келісімді және тұрақтылықты нығайту болып табылады.
Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы басшылығының айтуынша, бүгінде елімізде тұрып жатқан барлық этностардың мейрамдарының аталып өтілуіне ерекше көңіл бөлінеді. Мемлекет басшысы бұл біздің елімізді табысты етуге және азаматтарымыздың бірлігін сақтауға мүмкіндік беретін басты құндылық екенін атап өтті. Бүгінгі іс-шара ұлтаралық достықты одан әрі нығайтуға өз серпінін берері сөзсіз.
Қазақстан халқы Қалалық Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері этностардың рухани мәдениетінің сұлулығын, сондай-ақ біздің ел халқының бірлігі мен тұтастығын көрсетті.
Көрермендерге көңілді мерекені «Дала аймағының казактары одағы» өңірлік қоғамдық бірлестігінің «Раздолье» орыс және казак әндерінің ансамблі, «Радима» белорус мәдени орталығының «Веселка» ансамблі, «Радуга» орыс ән ансамблі, «Таң» татар-башқұрт мәдениет орталығының «Дуслык» ансамблі ұжымы музыкалық кеш сыйлады.
Қысты шығарып салу мерекесіне қатысушылар халық әндерін және дөңгелек билер өткізіп, қонақтарға дәмді құймақтар ұсынылды.
Сондай-ақ, алаң аумағында жәрмеңке, спорттық жарыстар, көңілді ойындар ұйымдастырылды, халықтық әдет-ғұрыптар көрсетілді және іс-шара соңында барлық талаптарды сақтай отырып, Масленица тұлыбы өртенді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті