24 Ақпан, 2021
1690
Елордалық ҚХА Алғыс айту күніне орай бірқатар іс-шара ұйымдастырмақ
Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы ассамблеясы Алғыс айту күніне орай бірқатар мерекелік іс-шара ұйымдастырады. Олар 5 наурызға дейін жалғасады.
22 ақпан мен 5 наурыз аралығында Алғыс күніне арналған «Туған елге мың алғыс!» атты челлендж бейнеэстафета өтеді. Іс-шараның мақсаты – қоғамдық санада жалпыұлттық құндылықтар мен Қазақстанның барлық азаматтарының күш-жігерінің нәтижесі ретінде Тәуелсіздіктің мәнін, жалпыазаматтық ынтымақтастық, бірлік, сенім және өзара көмек мерекесі ретінде Алғыс айту күнін атап өту.
26 ақпанда Достық үйінде сағат 10:30-дан 15:00-ге дейін Алғыс айту күнін мерекелеудің ресми бөлігі өтеді.
1. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің және «Жас Сарбаз» патриоттық жастар қозғалысының қолдауымен әлемнің төрт дүркін, Гиннестің рекордтар кітабының және Қазақстанның алты дүркін рекордшысы Сергей Цырульников «Біртұтас Қазақстан!» атты флешмоб ұйымдастырады.
2. ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, ҚР Парламенті депутаттарының, дипломатиялық өкілдіктердің, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің, мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың қатысуымен дөңгелек үстел өтеді.
Алғыс күні аясында өтетін іс-шаралар:
Нұр-Сұлтан қаласының этномәдени бірлестіктерінің көрме-жәрмеңкесі, концерттік бағдарлама, онлайн-байқаудың қорытындысын шығару, конкурсанттарды марапаттау (байқау Instagram Facebook әлеуметтік желілерінде өткізілді) рәсімі өтеді.
Елордалық ҚХА-ның Алғыс айту күніне арналған байқаулар қорытындыланбақ. Мақсаты – түрлі этнос өкілдерінің қазақ халқына деген достық, ақкөңіл қарым-қатынасын дәріптеу. Мерекелік бейнеқұттықтауларда Отанға, халыққа, ата-анаға, мұғалімдерге, дәрігерлерге алғыс сөздер айтылады.
Тікелей эфирде репрессия құрбандарының ұрпақтарымен кездесу өтеді. Кездесудің жүргізушісі – тарих ғылымдарының докторы, профессор, мемлекеттік Тарих институтының директоры Әбiл Еркiн Аманжолұлы.
27 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласы этномәдени бірлестіктердің өкілдері «Алғыс марафоны» атты қайырымдылық акциясы аясында халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетеді. Жалпы 70 азық-түлік себеттері дайындалып жатыр.
28 ақпан – «Жүректі жылытар мейірімділік» акциясы аясында Нұр-Сұлтан қаласының этномәдени бірлестіктері жастар қанатының өкілдері жалғыз басты қарттардың аулаларын тазарту үшін дәстүрлі сенбілік өткізеді.
1 наурыз Алғыс айту күні – Нұр-Сұлтан қаласы этномәдени бірлестік өкілдері «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қояды.
20 ақпаннан 5 наурызға дейін ҚХА этномәдени бірлестіктерінің қайырымдылық акциялары өтеді.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мен әл-Фараби ат. ҚазҰУ арасында меморандумға қол қойылды
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Али Балоевпен кездесу өткізді
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
9 Қыркүйек, 09:14
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
12 Қыркүйек, 15:55