
07 Қазан, 2020
1495
Елордалық ҚХА балалардың патриоттық әндер фестивалін қорытындылады
Жастар жылы аясында патриоттық тәрбиені арттыру және тұлғаның азаматтық қасиеттерін дамыту, дарынды балаларды анықтау және қолдау, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін іске асыру, сондай-ақ патриоттық ән жанрын насихаттау мақсатында «Алтын күн» атты балалардың ІIІ патриоттық әндер фестивалі өтті.
Қазылар алқасы қатарында Нұр-Сұлтан қаласының Мәслихат депутаты Сергей Солодовников, ҚР мәдениет қайраткері Алтын Маханбетова, танымал әнші Зарина Омарова болды.
Фестивалде арнайы іріктеу кезеңінен өткен елордалық этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының мүшелері, жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар, сонымен қатар 6 жастан 16 жасқа дейінгі тілек білдірушілер, жалпы саны 46 қатысушылар болды. Олар үш жас санаты бойынша бақ сынасты. Мәселен, 6 жастан 10 жасқа дейінгі, 11 жастан 13 жасқа дейінгі, 14 жастан 16 жасқа дейінгі «үздік орындаушылар» анықталуы қажет болды.
Балалар фестивалі бағдарламасында Отан, елорда, туған жер туралы әндер шырқалды. Тартысты бәйгеде қазылар алқысының шешімі төмендегідей болды.
6-10 жас аралығындағы санат бойынша 1 орынды «Қазағым» әнімен Әсел Азаматқызы («Қырғызстан-Астана» этномәдени орталығы) иеленді, 2 орынды «Прадедушка» әнімен Полина Суворова (Нұр-Сұлтан қаласынының «Оберег» украиндер қоғамы) алса, 3 орын «Кто добрее всех на свете» әнін орындаған Арина Колосоваға («Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығы) бұйырды.
11-13 жас аралығындағы жас санаты бойынша 1 орынды «Ант етем» әнін айтқан «Туған жер» ансамблі («Туған жер» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық студиясы») жеңіп алды, «Қай заман» әнімен Замира Сағынбаева 2 орын («Қырғызстан-Астана» этномәдени орталығы), «Мой Казахстан» әнімен Кирилл Кузькин (Нұр-Сұлтан қаласынының «Оберег» украиндер қоғамы) 3 орын иегері атанды.
14-16 жас аралығындағы санат бойынша «Қазағымсын» әнін орындаған Дария Кабыкен («Қырғызстан-Астана» этномәдени орталығы) 1 орын, «Елің үшін самға» әнін орындаған Виолетта Ткаченко «Туған жер» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық студиясы») 2 орын, «Город мой» әнін орындаған Дильназ Айтенова мен Анель Өмірбек 3 орынды иеленді.
Фестиваль жеңімпаздары мен барлық қатысушыларға ұйымдастырушылар атынан бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.
Еске сала кетейік, іс-шара барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
29 Тамыз, 19:37
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
вчера, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті