18 Ақпан, 2022
570
Елордалық ҚХА «Блогерлік – қоғамдық пікірді қалыптастырудың құралы» атты дөңгелек үстел өткізді
Елордалық Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Блогерлік – қоғамдық пікірді қалыптастырудың құралы» атты дөңгелек үстел өтті.
Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы – дөңгелек үстел модераторы Дәурен Бабамұратов бүгінде медиа алаңының маңызды рөлі іргелі істер мен оң өзгерістерді оқырмандарға дер кезінде және объективті түрде жеткізіп, мәселенің мәнін терең түсіндіретін, халық пен билік арасындағы алтын көпір болып саналатынын айта отырып, блог сферасына кеңірек тоқталып өтті.
Блог жүргізу – тез танымал болып келе жатқан жаңа кәсіптің бірі. Блогтарды оқиды және қарайды, сондықтан олар қажет. Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының жастары да бұл үдерістен тыс қалмайтыны қуантады. Елордалық ҚХА қызметінің әлеуметтік желілерде кеңінен жариялануының арқасында бұл туралы көбірек адамдар біле бастады. Бүгінгі таңда қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының парақшалары мен аккаунттарының жазылушылары атынан мыңдаған аудитория бар. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың жаңа Қазақстанды құру қажеттілігі туралы тапсырмаларын іске асыру аясында идеология саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіру үшін жаңа тұлғалар қажет. Бұл қазіргі шындықтың талабы. Жоғары ақпараттық технологиялардың даму дәуірінде халық арасында идеологиялық жұмысты түсіндірудің рөлі едәуір артады. Тәжірибе көрсеткендей, қазіргі қоғам дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарына қарағанда әлеуметтік желілерге көбірек сенеді.
Дей тұрғанмен, бұл блогерлерге таратылатын ақпараттың сенімділігі үшін қосымша жауапкершілік береді. Қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау мақсатында қатысушылардың көпшілігі этносаралық келісім және толеранттылық саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндірудің маңыздылығын түсінуде мемлекеттік органдар мен блогерлік қоғамдастықтардың бірлігі қажет, - деді Ішкі саясат басқарамасының басшысы Дәурен Әбутәліпұлы.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Юрий Ли өз сөзінде: «Қазіргі заманда ашықтық талабы өте жоғары. Бірақ соған сай нақты, тексерілген ақпаратты шығару блогерлер үшін өте маңызды деп білемін».
Дөңгелек үстел жұмысына халық дипломаты, АҚШ-тағы Ресейлік отандастар ұйымы үйлестіру кеңесінің мүшесі, блогер, PR-менеджер Номма Зарубина, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, Қазақстандық агро және ауылдық туризм қауымдастығының қоғаммен байланыс жөніндегі директоры, блогер Максим Николайчук қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қызылорда облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Павлодар облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы облысы
16 Маусым, 23:30
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
17 Маусым, 22:45
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
17 Маусым, 22:41
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
16 Маусым, 00:02