07 Қыркүйек, 2022
521
ЕЛОРДАЛЫҚ ҚХА: «ҚОСТАНАЙ, БІЗ БІРГЕМІЗ!»
Бүгін «Қостанай, біз біргеміз!» қайырымдылық акциясы аясында елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы Қостанай облысының тұрғындарына 40 тонна гуманитарлық көмек жіберді.
Естеріңізге сала кетейік, Қостанай облысындағы төтенше жағдайға байланысты көптеген отбасылар қайғылы жағдайға тап болды. Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы қайырымдылық акциясына бастамашы болды, оған елорданың этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы, сондай-ақ Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебі түлектерінің қауымдастығы, «Alumni of Nazarbayev University School of business» КЕҰ, меценаттар, бизнесмендер және қала тұрғындары белсенді қатысты.
Нұр-Сұлтан қаласы ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов:
- Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйі өткен жексенбіден бастап тәулік бойы жұмыс істейтін қайырымдылық штабы ашты. Айта кету керек, біз зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсеттік, Нұр-Сұлтан қаласынан 8 жүк газелін жібердік, апат туралы білген бойда. Біздің қайырымдылық акциямыз мұнымен аяқталмайды, бізге мүмкіндігінше құрылыс материалдарымен немесе тиісті қайырымдылық шоттарға ақшалай аударымдармен көмектесу қажет деген ақпарат келіп түсті. Біздің қамқорлығымыз бен қолдауымыз оларға ауыр зардаптардан айығуға көмектеседі деп үміттенеміз, - деді Дәурен Бабамұратов.
- Қостанай облысында орын алған қайғылы оқиға әрбір жанның жүрегін тебірентті. Біз бәріміз қостанайлықтар үшін алаңдап отырмыз. Біздің әрқайсымыздың азаматтық парызымыз – өрттен зардап шеккендерге көмек қолын созып, көмектесу және осы жағдайды моральдық тұрғыдан жеңу. Қазақстандықтар ұн, қант, макарон, күріш, күнбағыс майы, ауыз су, матрастар, жастықтар, сондай-ақ балалар заттарын: күртешелер, жаялықтар мен аяқ киімдерді алып беруде. Осылайша, біз барлығымыз бірлігіміздің күшін және халқымыздың проблемаларына немқұрайлы қарамауымыз керек және отандастарымыздың қиын жағдайда қалуына жол бермеуіміз керек, - деп атап өтті ҚХА мүшесі, «Дустлик» ҚР өзбектер қауымдастығы төрағасының орынбасары Хасан Шәріпов.
Елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясына жіберілген қайырымдылық көмектің жалпы сомасы 14 млн.теңгені құрады.
Айта кетейік, биыл Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясымен 22 қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылып, жалпы сомасы 24 млн.теңгеге 1000-нан астам адам қамтылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
Ә.Қайырбек Гималай шыңында күй орындап, ҚХА 30 жылдығымен құттықтады
-
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚХА ДОСТЫҚ ЕЛШІСІ АКБАР АСАДУЛЛОНЫ МАРАПАТТАДЫ
-
Ақмолада ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
27 Мамыр, 06:21
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
вчера, 18:22
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
вчера, 09:18
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
сегодня, 12:07
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
вчера, 09:16
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады