21 Қазан, 2019
1897
Елордалық «Жанұя» отбасын қолдау орталығына 4 мыңнан астам адам көмекке жүгінген
Елордалық «Жанұя» отбасын қолдау орталығында Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесі мен Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Іс-шараға қатысушылар орталықтың жұмысымен танысып, еңбек ұжымдарында «Жанұя» отбасын қолдау орталығын құру туралы түсіндірді.
Жиын маңызын ашып көрсеткен модератор Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті халықаралық қатынастар факультетінің профессоры Әміржан Әлпейісов жыл ішінде қоғамдық келісім кеңестері тарапынан ауқымды жұмыстардың атқарылғанын атап өтті.
«Қоғамдық келісім кеңестері-елдегі ынтымақты, тұрақтылықты одан әрі нығайтуға аянбай атсалысып келеді. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласындағы іргелі кәсіпорындардың өзінде 6 қоғамдық келісім кеңестерінің құрылғанын атап өткен жөн.
Олар «Ақмола вагон жөндеу зауыты» АҚ, «Астана Су Арнасы» МКМ және «Цесна-Астық» Концерні» ЖШС, «University Medical Center» корпоративтік қоры, Сарыарқа ауданынан қарасты «Көктал» тұрғын үй алабындағы №68 орта мектебінде орналасқан»,-деді сөз орайында Ә.Әлпейісов.
Өз кезегінде «Жанұя» отбасын қолдау орталығының директоры Әйгерім Тәңірбергенова орталықтың жұмысы мен мүмкіндіктеріне қысқаша тоқталып өтті. «Орталық ашылғалы 4343 адам 7822 сұрақ бойынша көмекке жүгінген. Олардың 14,3 % тұрғын үй мәселесі, 49,4 % атаулы әлеуметтік көмек, ал 37 % білім, заңгердің көмегі, жұмыспен қамту және т.б. сұрақтар бойынша кеңес алған. Біз әрқашан қиын өмірлік жағдайға тап болған балалар мен отбасыларға әлеуметтік, заңдық, психологиялық көмек көрсетуге дайынбыз», - деп атап өтті Ә.Тәңірбергенова.
Сондай-ақ, жиын барысында ҚХА Төрағасы Юсуп Келигов және қалалық Мәслихат депутаты Зейнулла Шибкенов сөз сөйледі.
Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА хатшылығының бас маманы Галина Кобзеваның бастамасымен елордалық ҚХА Аналар кеңесінің өзекті мәселелері мен «Жанұя» орталығымен болашақ жоспарлары да талқыға салынды. Шара соңында кеңейтілген отырысқа қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтар қойып, оған білікті мамандардың жауаптарын алды.
Ұқсас жаңалықтар
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
15 Тамыз, 17:43
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
15 Тамыз, 18:34
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті