Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Маусым, 2016

1534

Елтаңбам – елдігім, Байрағым – мақтанышым, Әнұраным - айбыным!

1992 жылғы маусымның 4-і күні Тәуелсіз еліміздің жаңа мемлекеттік рәміздері тұңғыш рет бекітілді. Бұл дата ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің мызғымас негіздерінің бірі. Бұл күн - еліміздегі  жаңа мейрамдардың бірі және қазақстандықтар оны асқан патриоттық сезіммен мерекелейді. Осыған орай, бүгін «Қоғамдық келісім» КММ ұжымының қызметкерлері мен  «Жас Отан», «Ақ жол» жастар қанаттарының жастары және облыстық жастар ресурстық орталығының белсенділері қаладағы сауда орындарында тұрғындарға ақпараттық парақшалар мен брошюралар таратты.

Іс-шара мақсаты – тұрғындарды ақпараттандырып, рәміздеріміз туралы мағлұмат беру. Мерекелік іс-шараға келгендердің қатары көп болды, дені - жастар. Барлығы да ел патриоты екенін көрсетіп, өткізілген акцияға белсенділік танытты.

Енді, қысқаша тарихқа тоқталсақ. Тұңғыш Қазақстан әнұранының музыкасы композиторлар - Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский мен Латиф Хамиди болатын.

Көгілдір түсті туымыз бен ортасында шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күн орныққан елтаңбамыз жер жаһанға қазақ елінің жаңа тәуелсіз мемлекет ретіндегі бейнесін паш етті. 1992 жылы суретші Шәкен Ниязбеков салған Мемлекеттік ту бекітілді. Егемен Қазақстанның бүгінгі Елтаңбасы екі танымал сәулетші Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың шығармашылық еңбегінің жемісі болып табылады. 1992 жылы Республикамыздың әнұраны қабылданды.  

 

МОӘА «Қоғамдық келісім»КММ баспасөз қызметі

 

Кейін қарай