Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Қараша, 2025

52

«Елтану» ғылыми-зерттеу институтын құру туралы меморандумға қол қойылды

«Елтану» ғылыми-зерттеу институтын құру туралы меморандумға қол қойылды

2025 жылғы 20 қарашада Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов және Е.А. Бөкетов атындағы ҚарҰУ ректоры Нұрлан Дулатбеков университет базасында "Елтану" ғылыми-зерттеу институтын құруды көздейтін ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Институт Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамаларын ғылыми-талдамалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін алаңына, әдіснамалық және сараптамалық орталыққа айналады. Оның қызметі бірыңғай ғылыми базаны қалыптастыруға, білім беру және ағарту бағдарламаларын дамытуға және қоғамдық маңызы бар жобалардың тиімділігін арттыру үшін қолданбалы шешімдерді енгізуге бағытталатын болады.

Негізгі міндеттердің бірі ақпараттық-түсіндіру топтары үшін әдіснамалық платформа құру.

Қоғамдық бірлік, мәдени мұра және құқықтық тәрбие мәселелеріне арналған білім беру модульдері мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру маңызды бағыт болмақ.

Студент жастармен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлінетін болады. Студенттік ассамблеяларды әдістемелік қолдауды кеңейту, студенттерді зерттеулер мен білім беру жобаларына тарту, сондай-ақ этносаралық саясат, құқықтық мәдениет және толеранттылық саласындағы жастардың білім деңгейін арттыру жоспарлануда.

Жақын арада жұмыс тобы құрылып, онда ғылыми секциялардың бағыттары айқындалады, алғашқы білім беру модульдері іске қосылады және өңірлік командалар үшін мамандар даярлау басталады.


Кейін қарай